Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

18 ақпан 2019 Мейірімділікті адам адамнан үйренеді

Әрбір қызмет орны мен әрбір қызметкер қашанда жан-жағына шуақ шашып, айналасына мейірін төгіп барынша жақсы көңіл-күй сыйлауға тырысары сөзсіз. Ал «Алау» мұз айдыны сарайы қашан да әрбір келуші мен әрбір қонақтың көңілін тауып, барынша сапалы да шынайы қызмет көрсетуге тырысады. Қоғамғадағы қай адамның болсын біздің сарай үшін орны ерекше. Еңкейген қарттан еңбектеген балаға дейін түгел қамтылып, ол кісілерге көрсетілетін  қызмет түрлері де нақты айқындалып қойған. Оған мысал, барлық 7 жасқа дейінгі бүлдіршіндер сарайымызға тегін кіріп, сырғанай алады. Ал оқушылар мен студенттерге  және зейнеткерлерге  әрқашан 50%  жеңілдік қарастырылған. Бұл жүйе «Алау» мұз айдыны құрылғалы бері жұмыс жасап келеді. Ал ерекше атап өтеріміз «Алау» мұз айдыны сарайына көп балалы отбасылардың балалары мен балалар үйінің тәрбиенушілері әрқашан тегін кіріп сырғанай алады. Сонымен қатар көп балалы отбасы және аз қамтылған отбасының балаларына және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арнайы «Алау» мұз айдыны сарай іс-шаралар ұйымдастырып, тегін сыйылықтар таратып, балалар көңілін көтеру үшін небір қызықты іс-шараларды өте жиі өткізіп отырады.

Жыл басынан бері «Алау» мұз айдыны сарайына балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көп балалы және аз қамтылған отбасының балалары бірнеше мәрте табан тіреді. Жайған келіп сырғанап қана қайтпай  сыйлықтар алып, шат-шадыман болып алғыстарын айтып тарқасып жатты. Оның біріншісі:

«Мейірімділікті адам адамнан үйренеді» деген ұранмен «Алау» мұз айдыны сарайында аз қамтылған және көп балалы отбасылардың және балалар үйінің тәриеленушілеріне ерекше ықылас көрсетіліп, мұзға алып шығып, коньки тебуді үйретіп, сыйлықтар сыйлап өте көңілді кеш жасады. Ол шараға Астана қаласындағы аз қамтылған отбасы балалары шақырылды.

Екіншісі, «Алау» мұз айдыны сарайына тек қана аз қамтылған отбасылардың балалары шақырылып оларға арнайы мұзда сырғауды үйретіп және «Жаңа жылдық ертегі» қойылымы қойылып мұз үстінде мульт кейіпкерлермен бірге сырғанау, Аяз ата мен Ақшақар сыйлықтарын алу сәті бұйырды.

Үшіншісі, жақында ғана «Алау» мұз айдыны сарайына «Детский Дом» балалар үйінің  жетпістен астам тәрбиеленушілері қонақта болды.

Балалар «Алаудың» тарихына шолу жасап, мұз құю процесінің ерекшеліктерімен танысты. Сондай-ақ, спорт сарайымыздың әрбір қызық сәті туралы жеке баяндалып, ерекше экскурсия жүргізілді.

Әрі балалар үйінің спортпен айналысам деген тәрбиеленушілері арнайы спорттық секцияларға жазылды. Балдай бүлдіршіндерге арнайы ақ дастархан жайылып, ерекше құрмет көрсетіліп, спортшы боламын дегендерге ақ жол тіледік.

Жақсылық қашан да қоғады жақсы етуге үлес қосады. Айналаңа мейірім төге қарап, ізеттілік жасасаң ол көбейеді. Жақысылық жасау үшін бай болудың қажеті жоқ, жақсылық жасау үшін ақ ниет пен адал көңіл болса болғаны. Біз «Алау» мұз айдыны сарайы қызметкерлері, қолымыздан келгенше жақсылыққа ұмтылып, барша жандарға шын жүректен мейірім төгіп, ақ ниетпен қарайға тырысамыз, тіпті жақсылық жасауға міндеттіміз...

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу