Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Жаппай сырғанау алты күндік режимде өтеді.

 

Александр Викторович Бихерт 

Директорға сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау күні - бейсенбі, 16.00

«Алау» философиясы

Сарай мүмкіндіктерін өрістете отырып

Тегіс айдындарда аса  жылдамдық  болмайтыны ешкімге құпия емес. Айдын неғұрлым теңіз деңгейінен жоғары болса, мұз да соғұрлым жылдам болады деп есептеледі. Ал теңіз деңгейінен 349  метр биіктікте орналасқан  «Алау» бұл тұжырыммен бәстесуге дайын.

Мұзды жылдам салу үшін көптеген жайларды ескеру керек. Қалайда болмасын, бұл адам қолынан жасалатын нәрсе. «Алауда» мұз салу жұмыстарын жүргізетін адамдар -  өз істерін білетін мамандар. Азия ойындарының нәтижесі соған дәлел,- біздің айдында 9 континенттік рекорд жасалынды. Сарайда өткізілетін әр жаңа жарыс- ақиқат сәті, - Сарайдың бар ұжымы мұқият дайындалатын ерекше оқиға.

Сарайдың тағы бір ерекшелігі – оның астаналық статусы.  Сарай Астана инфоқұрылымына  үйлесе  кіреді. Сарай шегінен асатын қызметтердің бір топ кешені «Алаудың» артықшылығы  сонда,-  ол бойына Астанада бар позитивтің барлығын  жинақтаған.  Астананың мүмкіндіктерін есепке ала отырып, Мұзайдыны сарайы спортшыларға заманауи әуежай, жетілген көлік магистралдарын, мәдени ошақтар және жасыл қала ұсына алады. Бұның бәрі спортшылар үшін маңызды.  Сол себептен де әлемдегі ең керекмет айдын атағына күресе отырып, біз Сарай  шегін қала мүмкіндіктерінің шегіне дейін жеткізудеміз.  Астана – Азияның спорт орталықтарының бірі. Бұл  біздің  Сарайдың басты  әлеуеті.

Біздің басты міндетіміз – «Алауды» көпқызметті кешен ретінде ТМД елдерінің ішінде саңлақ қылдыру. Бір жағынан, бұл - спорттық жарыстар,  Азия, Республика әлем чемпионаттарын жоғарғы деңгейде өткізуге қабілетті мұзайдын. Екінші жағынан – барлық тілек білдірушілерге қолжетімді спорт кешені.

Біздің қаруланған ұранымыз: Бәрі  үшін чемпиондар мұзайдыны! «Алауда» адамдар қалауынша келіп конькимен сырғанап, хоккей ойнап, фитнес, сауна, СПА, сонымен қатар атлетикалық және ойындар залында болу үшін қоғамдық қолжетімділік бағдарламасы әрдайым дамып отырады.  Қолжетімділік бағдарламасының бірінші кезеңі балалар спорт секциялары сабақтарын және оқу-жаттығу жиындарын өткізуге, ал екінші кезеңі – фитнес-орталықтың және «Жаппай сырғанау» жобасының іске қосылуына бағытталған.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу