Лобби-бар
Лобби-бар «Алау» қонақүйінің бірінші қабатында, reception-ға жақын жерде орналасқан. Бұл бизнесмендер, келушілер, туристер мен қонақтарымыздың кездесу орны.
Қонақүйдің ауқымды лобби-бары қонақтарға күн сайын алкогольді және алкогольсіз коктейльдердің кең таңдауын ұсынады. Мәзірге ыстық және салқындатылған сусындар, кондитер өнімдері, шарап пен шай картасы кіреді.
«Алау» қонақүйінің лобби-бары — дәстүрлі хош иісті кофе іше отырып, бейресми бас қосу мен достық кездесулер үшін мінсіз орын.
Қонақтарға ұсынылатын қызметтер: тегін Wi-Fi, TV және жаңадан шыққан баспасөз басылымдары.
Жұмыс істеу уақыты: күн сайын, 24 сағат.
Сыйымдылығы: 25 адам.
Кредиттік карталардың барлық негізгі түрлері төлеуге қабылданады.

Ойлағаннан да жақын
«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан