Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

12 ақпан 2019 Элизабет Тұрсынбаева Астанада мәнерлеп сырғанаушылармен кездеседі

2019 жылдың 14 ақпан күні сағат 16:00-де Жастар жылы аясында «Алау» мұз айдыны сарайында, жақында ғана Төрт құрлық турнирінде күміс медаль иеленген Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаушылармен кездеседі.

Іс-шараға Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының әкімшілігі, «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Санат Бақытұлы Шапашов, Қысқы спорт түрлері бойынша «№2 МБЖСМ» КММ  басшысы Радик Хамитович Бикчантаев, «Коньки тебушілердің Ұлттық федерациясы» РҚБ президенті Болат Бидахметұлы Жәмішев, «№2 МБЖСМ тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары, балалардың ата-аналары және журналистер қатысады.

Әйелдер арасындағы жеке сырғанауда өнер көрсететін қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Құрлық чемпионатының вице-чемпионы (2019 ж.), жасөспірімдер арасындағы II қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері (2016 ж.), Қазақстанның төрт дүркін чемпионы (2014-2017 жж.), 2017 жылғы қысқы Азия ойындарының қола жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева өз тәжірибесімен бөлісіп, спорттық Олимп шыңдарын бағындыру жолындағы қиындықтары туралы айтады және  мәнерлеп сырғанаушылармен естелік суретке түседі.

Қуанта  бөлісетін жайт, ол спорттық карьерасының басында Астана қаласының намысын ірі республикалық және халықаралық жарыстарда қорғады.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу