Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

12 ақпан 2019 «Астана» радиосы шоу-концерт ұсынады

2019 жылдың 4 ақпан күні «Алау» мұз айдыны сарайында Жастар жылы аясында ұйымдастырылған Астана қаласының театрлары арасында «Көңілді старт» атты жарыс мәресіне жетті, ал 16 ақпан күні спорт кешенінде Жастар жылына арналған екінші шара өтпек.

Жастар жылы  мен  «Астана» радиосының 20 жылдығы аясында  бас қаланың басты толқыны «Мұз энергиясы. Көктем қарсаңында» шоу-концертін ұсынады.

Бағдарламада: жаппай сырғанау, сайыстар, сыйлықтар ұтысы, қазақстандық эстрада жұлдыздарының концерті (Цырульник, Мади Ny-Za, В Кураже, Мадина Бейсехан, Дос, Zhadi мен басқа әртістер). Осының бәрін «Астана» радиосының тікелей эфирі арқылы тыңдауға болады.

«Мұз энергиясы. Көктем қарсаңында» шоу-концерттің басты мақсаты: спорт жанның саулығы, дем қуаты, керемет көңіл-күй сыйлайтын өмірінің ажырамас бір бөлігі екенін көрсете отырып, бұқара халыққа спорт еркіндігі  сезімін сыйлау. Сонымен қатар, еліміздің өскелен жас ұрпағы арасында салауатты өмір салтын насихаттау.  

Іс-шара барысында әрбір келуші мұзда сырғанай жүріп, эстрада жұлдыздарының шоу-концертін тамашалап, танымал тұлғалармен бірге спортпен айналыса жүріп,  кеш барысында «Астана» радиосының арнайы ұйымдастыратын  спорттық ойындар мен ұтыс ойындарына қатысып, тосын сыйларын тамашалап, ерекше дем алып, көңіл көтеріп қайтуына әбден болады.

Шоу-концерт ақпанның 16 күні сағат 15:00-де «Алау» мұз айдыны сарайында басталады. Билеттер спорт сарайының кассаларында сатылады.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу