Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

04 ақпан 2019 Нүркен Өтеуіл: «Бұл — Жастар жылында керемет бастама»

Бүгін «Алау» мұзайдыны сарайында Астана қаласының театрлары арасында мұзда сырғанаудан «Көңілді старт» жарысы өткізілді. Шараға Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, Комедия театры, Максим Горький атындағы орыс драма театры, «Наз» мемлекеттік би театры, «А.И.» театры, ҚҰӨУ «Шабыт» актерлар құрамы қатысты.

Әр театрдан 4 адамнан 6 команда құрылып барлығы 24 адам жарысқа қатысты. Ал қолдаушылардың саны 100 ден асады. Әріптестерін демеуге келген актерлар қауымы да аяқтарына коньки киіп мұзда сырғанап, дүйсенбідегі демалысты жалпы актерлар қауымы ерекше өткізді.

Жарыс «Эстафета», «Көңілді биатлон», «Кім жылдам», «Хоккей добы», «Капитандар сайысы» атты бес кезеңнен құралды.

Ойын ережесі бойынша әр топ белгіленген уақыт ішінде жарыса жүріп, ұпай жинады.Ұпай саны ең жоғары болған 4 топ мүшелері жеңіске жетіп, арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Жарыс барысында ҚҰӨУ «Шабыт» актерлар құрамы І орынды, «Наз» би мемлекеттік театры ІІ орынды, ал үшінші орынды Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры және Комедия театры еншіледі. Сонымен қатар, әрбір қатысушыға арнайы сыйлық билеттері табысталып, жеке марапаттау қағаздары берілді.

Жарыс барысында арнайы түсірілім үшін «Хабар», «Qazaqstan», «Qazsport», «Жастар» телеарналары және «Шалқар» радиосы келіп керемет сұхбат жасады.

Келушілер ішінен «Алау» мұзайдыны сарайының арнайы БАҚ өкіліне сұхбат берген актер Нүркен Өтеуіл өзінің ыстық ықыласын жеткізді:

Спорт - салауатты өмір салты. Оның ішінде мұзайдыны әсіресе, мұзда конькимен сырғанау - өте керемет өнер. Бүгін «Алау» мұзайдынында ерекше бір іс-шара ұйымдастырылып жатыр. Өз атымнан, әріптестерімнің атынан  «Алау» мұзайдынының басшыларына және осы іс-шараны ұйымдастырушыларға шын жүректен алғысымды білдіремін. Бұл жарысқа тек конькиді мықты тебетін мамандар ғана емес, енді-енді үйреніп жүрген жастардың барлығы шақырылып қатыстырылып жатыр. Бұл  Жастар жылында керемет бастама. Біз бұны кеңінен насихаттап, жастарды, өнер адамдарын спортқа тартуымыз керек. Тіпті өте жоғары деңгейге дейін өткізуіміз керек. Бұл бастаманы қолдап алдағы уақытта өте үлкен іс-шаралар өткізсек деген ниет бар.

Бұл  Жастар жылындағы «Алау» мұзайдыны өткізген іс-шараның басы. Алдағы уаққытта міндетті түрде небір қызық іс-шаралар өткізілетін болады.

 

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу