Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

30 желтоқсан 2018 «Алауда» 2018 жылдың қорытындысы шығарылды

Жаңа жылға дейін өте аз қалды және «Алау» Мұзайдыны  сарайының  келушілеріне осы жыл қалай есте қалды деген сұраққа жауап беруге болады?Ол оң және теріс деп бағаланары анық. Бірақ биылғы жыл «Алау» мұз айдыны сарайы үшін жетістікке толы, өте сәтті жыл болды.

Қорытынды жасамас бұрын, жыл басында сарай ұжымы қандай мақсаттарды қойғанын анықтау қажет.Әрине, спорт кешенінің негізгі міндеті-конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, хоккей, керлинг сынды спорт түрлерінен әлемдік деңгейдегі спортшыларды дайындау, сондай-ақ балалар мен бұқаралық спортты дамыту бойынша халықаралық, республикалық, қалалық жарыстарға арналған ең мықты әлемдік деңгейдегі стадиондардың қатарына кіру.

«Алау» - бұл еліміздегі басты конькимен жүгіру стадионы, сонымен қатар ол Отанымызда ғана шет елдерде де өте жрғары дегейде  бағаланады. Конькишілердің халықаралық одағының рейтингісіне сәйкес, 2018 жылдың желтоқсан айында ол әлемнің 10 үздік мұз айдынына кіреді (341 стадионың ішінен).

Сарайдың жұмыс істеу принципі-бұл екі құрамдастың біріктірілуі: конькилік спорт түрлерімен айналысатын кәсіпқой спортшылар үшін әлемдегі ең үздік мұз айдындарының бірі бола және де  стадион әуесқой сырғанаушы бұқара халыққа да қолжетімді. Кез келген адам жаппай сырғанау күні келіп, мұзға шығып, «Алау» атмосферасын сезіне  алады.

Бүгінгі таңда кәсіпорын Қазақстанның ең келушілері көп спорт нысандарының бірі. Сарай ашылғаннан бері осы уақытқа дейін  спортпен белсенді айналысатын 2 000 000-нан астам адамды қабылдады.

Күн сайын стадионға қысқы спорт түрлері бойыша  «№2 БЖМСМ» КММ-нің 1500-ден кем емес спортшылары қатысады, ал демалыс күндері 9 000-нан астам Астана тұрғындары өз күнін конькимен сырғанаудан бастапғ, кешін «Алаумен» бірге қарсы алады. Келген сырғанушылардың, ысытқ ықыласымен, күн сайын келушілер санының артуы бұл «Алау» мұз айдыны сарайы үшін үлкен жетістік.

«Жаппай сырғанау» жобасы халыққа қолжетімді: оқушылар мен студенттерге арналған кіру билеті демалыс кезінде 2 сағат сырғанау үшін және жұмыс күні 3 сағат мұзда сырғанау үшін 560 теңге құрайды. 7 жасқа дейінгі балалар, көп балалы отбасылардан шыққан оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері жаппай сырғанауға тегін кіре алады.

2018 жылдың соңында келушілердің ыңғайлылығы үшін енгізілген маңызды инновация билеттерді онлайн сату жүйесі болды.Желтоқсан айындағы мәліметтер бойынша, сайтта билет сатып алу кассадағы кезекті 20%-ға төмендетті, себебі «Алау» аренасы бос емес: сырғанаудан басқа, мұнда ауқымды мәдени-бұқаралық, спорттық, балаларға арналған ойын-сауық іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

Шартты түрде оларды екі түрге бөлуге болады: спорттық бейінді және бейінді емес жобалар. Әрине, бейінді емес жобаларды іске асыру ең көп тәжірибе береді, өйткені стандартты емес шешімдерді қолдану талап етіледі.

2018 жылдың басы осындай бейінді емес жарыстармен белгіленді: 3-4 ақпанда спорт кешенінің мұз айдынында мұздағы спидвейден жеке әлем чемпионатының бірінші финалы өтті.Қазақстан елордасы «мұздағы гладиаторлар» атты беделді және ойын-сауық жарыстарын алғаш рет қабылдады. Жарыс Астана тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын тудырды.

  2018 жылдың басында 3-4 ақпанда «Мұздағы жеке әлем» чемпионатының ірінші финалының өткізілуі болды.Еліміздің бас қаласында алғаш рет «мұз гладиаторлары» атты үлкен әрі  көрнекті жарыс өтті. Жарыс Астана тұрғындары мен қонақтары арасында үлкен қызығушылық тудырды.Қала халқының бұл шараға деген сұранысы мен қызығыушылығы өте жоғары деңгейде болды.

2018 жылдың 15-16 наурыз аралығында «Алау» мұзайдыны орталығында кіші, орта және жасөспірім жастағы ұлдар мен қыздардың арасында конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа еліміздің түрлі аумақтарынан 200-ден аса спортшылар қатысты.  Жарыс барысында қатысушылар 6 түрлі қашықтықта  сынға түсті:  300, 500, 1000, 1500, 3000 және 5000 метр.

2018 жылдың 26-27 наурыз аралығында «Алау» мұзайдынында конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша көктемгі турнир басталды. Жеңіс үшін 100 спортшы бақталасты. Қатысушылар жастарының кішілігіне қарамастан олардың әрбірі турнирде тегеурін танытты. Өйткені, әрбір мәнерлеп сырғанаушы бала жастан жекелеп сырғанауда ең үздік спортшы  болуды армандайды.

2018 жылдың 28-29 наурыз аралығында «Алау» мұзайдынында конькимен жүгіру спорты бойынша Қазақстан чемпионаты  өтті. Еліміздің 8 облысынан 98 спортшы қатысты. 2017-2018 жылдың конькимен жүгіру маусымы жоғары деңгейде өз мәресіне жетті.Қатысушылар мен көрермендер ризалығында шек болмады. Ел чемпиондары осындай сындарда анықталады.

2018 жылдың 18-20 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының керлинг спорт түрі бойынша ХҮ кубогының финалы Астана тарихында алғаш рет «Алау» мұзайдынында өтті.Бұл шара өте жоғары деңгейде жүргізіліп еліміздің әртүрлі өңірлерінен спортшылар келіп қатысты.

 

2018 жылдың 12 мамырында «Алау» мұзайдыны сарайында  «Жаздық спорт орталығының» ашылуы өтті. Спорт орталығы – бұл әр жылда өткізілетін дәстүрлі жазғы спорттық кешен. Онда Астаналықтар үстел теннисі, бадминтон және минигольф ойындары бойынша өздерінің қабілеттерін жақсарта алады. Кішкентай бөбектеріміз, кішіжастағы қатысушыларға арнайы батуттар қарастырылған. Ролик сүйгіштерге арнап 400 метрлік арнайы жол және  конькимен тез жүрушілерге хоккей корты жұмыс істейді.Бұл жазғы маусым орталығы үлкен демалыс орындарының бірі.

 

29-30 маусым аралығын және 1 шілдеде, қатарынан 3 күн Алау» мұзайдыны үшін өте тамаша күндер болып өтті. Өйткені, заманауи музыка фестивалі өтіп отандық және шетел эстрадасының жарқын жұлдыздары өнер көрсетті.  Hip-Hop Fest, Rock Fest, Dj Fest  Қазақстан астанасының 20 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.Керемет кешке келушілер қатарында шек болмады. Бұл шараның әртүрлі ақпарат құралдары жарнамалап,деңгейі айқыдала түсті.

2018 жылдың 14-15 маусымында «Алау» мұзайдыны қала күніне орай үстел теннисі бойынша дәстүрлі халықаралық  фестифальі басталды. Сайысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан елдерінен 1000-нан аса спортшылар мен қызығушылар қатысты.

2018 жылдың 31 тамызында «Алау» мұзайдынында  Астана тарихында алғаш рет «Битва в Есиле» кәсіби спортшылары  арасында ММА аралас жекпе-жек өнері бойынша халықаралық турнир өтті. Турнир аясында  Fight Nights Global чемпионы белдігі үшін жеңіл салмақтағы Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) пен Тагир Ұланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек өтті. Бұл әлемдік деңгейдегі іс-шараның біздің сарайда өтуі атап айтарлық жайт.

24-26 қазан аралығында «Алау» мұзайдыны  сарайында 2018-2019 маусымынң  бірінші ҚР жылдамдықпен сырғанау чемпионаты болып өтті. Конкурсқа еліміздің 8 өңірінен спортшылар қатысты. Әр өңірден келген өнерпаздар көк айдында өнерлерін көрсетіп,сынға түсті.

5-9 қарашада елордамыз Астана қаласы «Алау» мұз айдыны сарайында  «Шабыт» XXI Халықаралық шығармашылық жастар фестивалі өтті. Шараға дайындық ерте басталып, барынша жоғары деңгейде өтуі үшін сарай қызметкерлері жүйелі түрде  атсалысты.Байқау қатысушылары қазақтың бірегей жазушысы, саңылағы Шерхан Мұртазаны еске алып, журналисттер қауымы арасындағы «Шабыт» фестивалінің жеңімпазына арнайы сыйлық табысталды. Жас журналисттерге Қымбат Досжан, Айгүл Мукей сынды дара дикторлар кеңестерін айтып бағыт сілтеді.

2018 жылдың 3 қарашасында «Алау» мұз айдыны сарайында жаппай коньки тебу маусымы ашылды. «Алау» мұз сарайының әкімшілігі қонақтарға аренада мерекелік атмосфераны, мерекелік көңіл күйді сезіндіру үшін барлық жағдайды жасады, сол себепті келушілер әлемдегі ең әдемі мұз сарайының бірі болып табылатын «Алау» мұз айдынысарыайының ашылу салтанатына ағлып келіп жатты. Ашылу кездерінде адам саны әдеттегіден өте көп болды.

 8-9 қараша күндері бүкіл Қазақстаннан спортшылар Қазақстан Республикасының Коньки тебу спорты бойынша Кубогына қатысты. Жарыста ұлттық құраманың мүшелері жарияланып, ал кубок соңында спортшылар Жапонияда өтетін Әлем кубогына дайындықты бастады.

Бұл жарыстарда қазақстандық спортшыла ең жоғары нәтижеге қол жеткізді. Командалық спринтте Федор Мезенцев, Денис Кузин және Иван Аржаников жетінші орынға ие болды. Әйелдер арасындағы 1000 метрлік жарыста Екатерина Айдова 11-ші орынды иеленді, ал Аржаников В-дегі осы қашықтықта өнер көрсетіп , 5-ші орынға ие болды. Әлем чемпионы Денис Кузин 1000 метр қашықтықта жетінші, ал Александр Кленко – сегізінші орындардан көрінді.

5-6 желтоқсанда  «Алау» мұз айдыны сарайында, Астана тарихында алғаш рет, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы, «Алау», Астана қаласы әкімдігінің спорттық бұқаралық шараларды өткізу дирекциясы ұйымдастыруымен  мәнерлеп сырғанаудан  «AstanaFigureSkatingCup -2018», ашық кубогі өтті. Кубокка еліміздің 16 аймағынан, 255 жас мәнерлеп сырғанаушы қатысты.

9 желтоқсан, сағат 15:00 де, Астана қаласы әкімдігінің «Алау» мұз айдыны сарайы» МКҚК  және  «Астана» радиосының ұйымдастыруымен «Аstana FM On Air Мұз энергиясы» атты Елордамыздың 20 жылдығына арналған шоу концерті өтті.

«Аstana FM On Air Мұз энергиясы» іс-шарасы барысында әрбір келуші мұзда сырғанай жүріп, қазақстан эстрада жұлдыздарының шоу-концертін тамашалап,танымал тұлғалармен бірге спортпен айналыса жүріп  кеш барысында «Астана» радиосының арнайы ұйымдастыратын  спорттық ойындар мен ұтыс ойындарына қатысып,тосын сыйларын тамашылап, ерекше дем алып, көңіл көтеріп ерекше ықыласпен ат салысты..

Шоу концертте Қазақ эстарада жұлдыздары: Дастан Оразбеков, Ринат Мальцагов, Айнұр Абдиева, Байрух,  Джордан Аракелян, «Рахат Лукум», «Килиманджаро», Адеми, Ален Самыкен сынды жұлдыздар өнер көсетсе,  кештің қадірлі қонағы,  олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев барша келушілерді алда келе жатқан Тәуелсіздік мейрамымен құттықтап, жылы лебізін болды.

Қысқы спорт түрлерін насихаттауға бағытталған іс-шарамыз «Аstana FM On Air Мұз энергиясы» ұранымен өтті.

Желтоқсанның 12-13 күндері «Алауда»  конькимен жүгіруден ҚР Тәуелсіздік күніне арналған Астана қаласы бойынша ашық біріншілік және республикалық чемпионат өтті. Жарысқа еліміздің әр облысынан спортшылар қатысып, өз өнерлерін көрсете білді.

Ал 28 желтоқсан күні «Алау» мұз айдыны сарайында қамқоршысынан айырылған немесе балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып арнайы қайырымдылық ертеңгілік іс шарасы өтеді. Іс - шара барысында балалар үшін арнайы ойындар ойнатылып, мұз үстінде аниматорлар қызмет көрсетіп, ерекше көңіл күй сыйлайтын болады.

Біз үшін қала тұрғындарының спортқа деген сүйіспеншілігін арттыру маңызды. Сарайдың дұрыс бағытта жүруінің көрсеткіші оның келушілерінің санының артуы  болып табылады. 2018 жылдың қаңтар айынан желтоқсан айына дейін жаппай сырғанауға 160 000 адам келді.

Бұл жыл «Алау» Мұзайдыны сарайына көптеген жағымды жаңалықтар мен халықаралық деңгейдегі бірнеше іс-шараларды өткізудегі пайдалы тәжірибе сыйлаған жарқын жыл болды: мұздағы мотоциклдер жарысы бойынша әлем чемпионаты, заманауи музыка фестивалі және ММА халықаралық турнирі-бұл біз үшін үлкен мәртебі.

«Алау» ұжымы халықаралық турнирлердің санын арттыру және спорт кешенінің имиджін көтеру міндетін алға  қойып отыр. 2019 жылдың наурыз айында аренада коньки тебу спорты бойынша «3 мұзайдынының сапары» халықаралық жарысының финалы өтеді.

Спорт кешені кәсіпқойлармен әуесқойлар үшінде қолжетімді.  Жыл бойы қалалық, республикалық, халықаралық коньки спортынан жарыстар өтіп болашақ чемпиондарды дайындап, жыл сайын, ай сайын, күн сайын  елорда тұрғындарын жаппай спортпен шұғылдануға,салауатты өмір салтын қалыпттастыруға шақырады.

Әлемдік деңгейдегі Қысқы олимпиадалық спорт түрлерін дамытатын (конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, шайбалы хоккей, керлинг) мұндай спорттық мәдени орталық Қазақстанда жоқ десек атық айтқандық емес. Тек спорт түрлері немес жарыстар ғана емес бұқара халыққар арнап әр мерек саыйн ерекше іс-шаралар ұйымдастырып, белгілі өнер жұлдыздарын спорт саласына шақырып, бұқара халықпен жүздестіріп, әр іс-шараға белсенділік танытып, атсалысатын спорт кешені өз жұмысын әрқашан тек жақсыға ғана бағыттамақ...

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу