Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

29 қазан 2018 Жаппай сырғанау маусымы ашылады!

Жаппай сырғанау маусымы ашылады!

«Алау» мұзайдыны сарайындағы көптен күткен жаппай сырғанау маусымының ашылуы!

3 қараша күні сағат 12:00-де жаппай сырғанау маусымының салтанатты ашылуы өтеді. Ашылу салтанаты кезінде Сіздердің алдарыңызда «Ағайынды Жүгінісовтер» мен танымал «Спарта» КВН командасы өнер көрсетеді!


Күні бойы «Алау» алаңында тамашалайтындарыңыз:

 

1-ші сеанс: «Алаудағы сергек  таң» —  фитнес орталығының өкілдері кәсіпқой коньки тебушілермен бірге ұйымдастырылатын таңғы жаттығу.

 

3-ші сеанс: 15.00 – 16.00 аралығында хоккей алаңында «Хоккей DAY» атты әуесқойлар арасында жолдастық кездесу өтеді (жаттықтырушысы Тимур Бикситов).

 

4-ші сеанс: «ACTION!»  —  жылдамдықты ұнататын жандар үшін конькимен жүгіруден әуесқой жарыс ұйымдастырылады (жаттықтырушысы Татьяна Михалева), DJ Citizen сүйемелдеуімен ең жаңа әуендер.

 

5-ші сеанс —  DJ MOONWALKER сүйемелдеуімен ең үздік жаңа әуендер.

 

1,2,3 сеанстарда кішкетай келушілерімізге сүйікті мультфильм кейіпкерлері Анна, Эльза, Олаф, Леди Баг және Супер Мысық арнайы бағдарлама дайындады.

Өткен маусымның кестесімен салыстырғанда осы жылғы маусымның кестесі өзгеріссіз қалды.

Жұмыс күндері үйсенбіден басқа) бір үш сағаттық сеанс өткізіледі:

19.00 — 22.00, кіру Е2.

Демалыс және мереке күндері «Алауда» бес сеанс өткізіледі:

  1.    9.00 — 11.00, кіру Е1,
  2.  12.00 — 14.00, кіру Е2,
  3.  15.00 — 17.00, кіру Е1, 
  4.  18.00 — 20.00, кіру Е2,
  5.  21.00 — 23.00, кіру Е1.

Кіру бағасына жеңілдіктер де өзгеріссіз қалды. Барлық сеанстарға жеңілдік билетінің құны 560 теңгені құрайды. Демалыс және мереке күндері 1-2 сеанс билеттерінің толық құны — 1120 тг; ал 3,4 және 5 сеанстарына кіру бағасы – 1680 тг. Жұма күнгі сеансқа кіру бағасы – 1680 тг.

Конькиді жалға алу бөлек төленеді. Мәнерлеп сырғанауға және хоккейге арналған конькилер бар.Ересектерге арналған конькиді жалға алу — 1000 теңге, ал кішкентай бүлдіршіндеріміз конькиді 500 теңгеге алады.

*Кез келген сұрақтар бойынша келесі нөмірге хабарласыңыз: +7(7172)706-722.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу