Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

20 шілде 2018 Көлік қызметкерлері арасында спартакиада өтуде

Елорданың 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген ҚР көлік қызметкерлерінің күнін атап өтуге орайластырылған спартакиада өтіп жатыр.

Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту, Мәдениет және спорт басқармасы мен ұйымдастырылған іс-шара «Алау» мұз айдыны сарайында салтанатты түрде ашылды. Іс-шарада көлік саласының қызметкерлері стол теннисі бойынша бақ сынады. Тартысты өткен ойында қатардан озып, бас жүлдені «№1 Автобус паркі» АҚ жеңіп алса ІІ-орын «LRT құрылысы жөніндегі Дирекция» ЖШС және ІІІ- орын «№4 Автобус паркі» ЖШС-не бұйырды.

Ал шілде айының 28-де волейболдан жарыс өткізілетін болады. Спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімін Қ. Мұнайтпасов атындағы стадионда шағын-футболдан өтетін жарыспен тәмамдау жоспарлануда.

Аталған іс-шаралар салауатты өмір салтын сақтаумен қатар, ұжым арасындағы ауызбіршілікті арттыруға бағытталғанын атап өткен жөн.

Еске сала кетейік, жыл сайынғы дәстүрлі түрде спорттық жарыстармен аталып өтетін Көлік қызметкерлерінің күні тамыз айының 1-ші аптасының жексенбісіне түсіп отыр.

Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің сайты

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу