Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

25 сәуір 2018 Мұзайдыны сарайы жазғы жұмыс режиміне ауысады

29 сәуірде «Алау» мұзайдынында 2017-2018жж. маусымының финалдық жаппай сырғанауы өтеді. Содан кейін Жазғы спорт орталығының ашылуына дайындық басталады.

«Алау» мұзайдыны сарайындағы жаппай сырғанауға келу қала тұрғындарының дәстүріне айналған. Көңілді және пайдалы уақыт өткізуге кішіден үлкенге дейін барлығы келеді.

«Алау» – кәсіби және бұқаралық спорт алаңы. Маусымның аяқталу күніне орай спорт кешенінде ұсынылған барлық қысқы спорт түрлерінен нон-стоп режимінде мастер-класстар өткізіледі.

9:00-ден 23:00-ге дейін сырғанаймыз. Бір сеанстың ұзақтығы – 2 сағат.

9:00-11:00 – «Сергек таң» (таңғы жаттығулар мен сергіту сәті коньки тебу спортының жаттықтырушыларымен  бірге өткізіледі).

12:00-14:00 – мәнерлеп сырғанау мектебінің мастер-классы (үздік тәрбиеленушілердің өнер көрсетуі).

15:00-17:00 – хоккей мектебінің мастер-классы (әуесқойлар арасындағы жолдастық кездесу).

18:00-20:00 – Астана қаласының керлинг федерациясының мастер-классы (елорда керлинг спортшыларының көрсеткіш ойыны).  

21:00-23:00 – клубтық форматтағы DJ бірге өтетін сеанс + конкурстар.

2017-2018 жылдарының жаппай сырғанау маусымы аяқталғаннан кейін спорт кешені 12 мамыр күні жазғы форматтағы спорт орталығына ауысады, онда келесі қызметтер қолжетімді болады: коньки тебу, ролик тебу, бадминтон, үстел теннисі және балаларға арналған батуттар.

Жазғы орталық жұмыс күндері сағат 18:00-ден 21:00-ге дейін ашық болады, ал демалыс күндері сағат 10:00-ден 15:00-ге және 17:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу