Спорт залы

Шағын-футбол – шексіз рахаттану.
Алаңға шыққанда сені қалай жеңемін  деген бір ой ғана мазалау керек. Басқасының бәрін біз қамдап қойғанбыз.
 
«Алау» Мұзайдыны Сарайының әмбебап ойын залы шағын-футбол және гандбол бойынша жаттығулар өткізу үшін аса қолайлы.  Қажетті болған жағдайда алаңды баскетбол және волейбол ойындары үшін ауыстыруға болады.
Біз спортпен кәсіби айналасу үшін барлық жағдайларды жасап қойдық және бүгінгі күні спорттық ойындардың барлық түрі үшін  ең ыңғайлы жағдайларды ұсынамыз.
 
Спортшылардың толық қолданысында:

  • Ауданы 35х28м ойын залы,
  • Спортшыларға арналған 4 киім ауыстыратын бөлме және  жаттықтырушыларға арналған 4 киім ауыстыратын бөлме,
  • Сауна, жуынатын бөлме, демалыс орнымен бірге VIP-киім ауыстыратын бөлме,
  • Орындықтар, жеке жуынатын бөлмелер және бекітілетін шағын шкафтар,
  • Залдың периметрлері жұмсақ борттармен және допты бақылау үшін арналған бөгеуші торлармен жабдықталған,
  • Залда сағаттар орналасқан,
  • 2 ауыз су диспенсерлері,
  • Қосалқы ойыншыларға арналған орындықтар,
  • Жуыну бөлмелерінде ыстық су бар және айнадай тазалық.

Жалға беретін орында: доптар мен омыраушалар бар. Сонымен қатар біздің фирмалық дүкенімізде сіздер футбол мүліктерін және қызметтік киім-кешектеріне ие бола аласыздар.

Біздің залға жабық спорт залдарына арналған кәсіби деңгейдегі «Taraflex»  сертификатталған жабыны қолданылады. Жабын жылытылған жоғарғы қабаттан және шыны талшықтан жасалған тор арқылы нығайтылған жұмсақ төсемнен құралады. Шыны талшық спортшылардың аяғынан түсетін салмақты тегіс тарату арқылы жабын сынының бұзылуынан қорғайды. Бұл ойыншыға дриблинг, жедел кідіріс, секіру кезінде қозғалыс еркіндігін береді. Жабын амортизация талаптарына жауап береді және спортшылардың жайлылығы мен қауіпсіздігіне кепілдік береді.

Сонымен қатар фитнес орталық ұсынатын қосымша қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береміз. Сіздердің қолданыстарыңызда: Күш  жинау залы, Кардио зал, Сауна, СПА салон.

Біздің мекен-жайымыз:
Астана. Қабанбай батыр даңғылы, 47
«Алау» мұзайдыны сарайы (коньки тебу стадионы),

Cеріктестер