Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Тарихы

«Алау» Мұзайдыны сарайы»

«Алау» - ол бірегей спорт ғимараты, болашақ олимпиада спортшыларына ғана емес, жаппай спортты дамыту орталығы ретінде қызмет етеді.

Н.А.Назарбаев (ақпан 2011 ж.)

«Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» Мемлекеттік мекемесінің «Алау» Мұзайдыны сарайы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны 2010 жылдың 5 сәуірінде Астана қаласы әкімінің қаулысының негізінде құрылды.

Азиада-2011 басталуының алдында бір дұрыс шешім қабылданды. «Медеу» спорт кешенінде қайта құру өткізіп, ал Астанада жабық коньки тебу стадионын салды. «Алау» Мұзайдыны сарайының құрылысы 2007 жылда басталып және төрт жыл салынды. Сарай құрылысын «Сембол» түрік компаниясы жүргізді.

«Алау» - «шапшаң мұзды» құруға жол беретін, заманауи жабдықтармен жабдықталған әлем деңгейдегі мұзайдыны сарайы.  Бірегей құрылымның және орналасуының арқасында, ғимарат астананың көзге көрінерлік орындарының бірі және спорт қақпасы  ретінде болып саналады. 

Сарай жүрегі – ол 7 462 орынжы трибуналары бар 400 – метірлік конькимен жүгіру жолынан тұратын, 2 хоккей корты бар, төрешілер алғасына арналған зал, баспасөз конференцияларды өткізу үшін зал, спортшыларға арналған 13 киім ауыстыру орындары бар мұзайдыны сарайы. Спорт кешенінің жалпы ауданы 65 481 м2  құрайды.

Техникалық жабдықтың жетілдігін және сәулеттік жобаның бірегейлігін байланыстыра отырып, сарай ұжымы өз алдына мақсат қойды, ол әлем ең үздік жазықтық мұзайдындардың қатарына  кіру. Сарай мұзында өткен 7-ші Қысқы Азия ойындарының барысында 9 континенттік рекорд жасалынды. «Алау» қазақстандық рекорд жасайтын орын мәртебесін ғана емес, сондай-ақ әлемдегі конькимен жүгіру стадиондар рейтингінде 6  орынға (641 орын арасында) ие болды. 

2011,2012,2013,2016 – Конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем кубогінің кезеңдері.

2015 жыл – «Спринтерлік көпсайыста конькимен жүгіру спорты бойынша Әлем чемпионаты» қысқы олимпиада спорт түрі бойынша әлем біріншілігі.  Қазақстанда алғаш рет өткізілді. Қатысушылар есебінде 15 мемлекеттен әйгілі спортшылар болды.

2015 жыл – «Дзюдо бойынша Әлем чемпионаты», медальдар үшін 100 мемлекеттен келген спортшылар күресті.

2018 жыл – мұздағы спидвей бойынша Әлем чемпионаты.

Спорт кешенінің базасында ірі халықаралық жарыстар, оқу-жаттықтыру жиындары өтеді. «Алауда» конькимен жүгіру спорты, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек , шайбалы хоккей, допты хоккей, кёрлинг қысқы спорт түрлері халыққа таратылады.  Күнделікті Астана қаласының балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектептерінің 500 тәрбиеленушілері ақысыз негізде осы спорт түрлерімен айналысады.

2011 жылдан бастап чемпиондық мұз жаппай сырғанай күндері әуесқойлар үшін де қолжетімді болды, енді кез келген келуші конькиге тұра алады. «Жаппай сырғанау» жобасы қазан айынан бастап сәуір айына дейін жұмыс істейді, ал мамыр айынан – тамыз айына дейін «Жазғы спорт орталығы» өз жұмысын бастайды. Осы екі жобаның басталуынан 700 000 адамнан артық келді (2017 жылдың қазан айы). Астанада қысқы спорт түрлерін халыққа тарату және жаппай спорттың дамуына себептесу, бұл екі қағида жаппай қол жетімділіктің тұжырымдамасы болып табылады.    

«Алау» - Қазақстандағы ең келушілері көп спорт объектілерінің бірі.  Бүгінгі күнде Мұзайдыны сарайы белсенді спортпен шұғылданатын 1 800 000 астам адамды қарсы алды.  Күнделікті жұмыс күндері стадионға 1500 адам (спортшылар, БЖМСМ, фитнес-орталық) келеді, ал демалыс және мереке күндері «Жаппай сырғанау» жобасы бойынша күніне 2000-3000 адам келеді.

Алаңның бірегей мүмкіндіктерінің арқасында, сарайда ірі жобалар сәтті жүзеге асырылды, олар: Игорь Крутой мен Илья Авербухтың мұзды шоу, «Red Bull Crashed Ice», «Денис Тен мен достары» мұзды шоу, «Самрұқ Қазына» спартакиадасы, «Ұлытау ұлы» концерті.

Бүгінгі күнге «Алау» - бұл:

  • мұзды жол, 5600 м2 ауданымен (400 м2)
  • 2 хоккейлік корт, әрқайсысы 1800 м2 ауданымен   
  • Ойын залы, 27м х 34м көлемімен
  • Атлетикалық дайындау және хореография залы
  • Жағажай волейбол мен мини-футбол үшін дала алаңдары
  • Фитнес-орталық, 4200 м2 ауданымен
  • Мейрамхана, сыйымдылығы 180 орын (теннис орталығына қайта жабдықталған)
  • Қонақүй, сыйымдылығы 83 орынға дейін, бөлме саны – 46 бөлме
  • Атқыштар тирі, 900м2 ауданымен

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу