Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанау - бұл негізі мұз үстінде әуен ырғағына сәйкес жалғыз және серіктесінің демеуі арқылы айналу, секіру, адымдарды және фигура суреттерін үйлестіре, сырғанау бағыттарын өзгерте отырып спортшының қозғалу қимылдары болып табылатын спорт түрінің бірі.

Заманауи мәнерлеп сырғанаудың төрт түрі бар: жалғыз сырғанау (еркектер мен әйелдер), жұптасып сырғанау, спорт билері және синхронды сырғанау.

Конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша Еуропа чемпионаттары 1891 жылдан, ал әлем чемпионаттары 1896 жылдан басталады. Солардың алғашқысы 1896 жылы Ресей астанасы Санк-Петербург қаласында өткізілді.

Бұл спорт түрінің дамуын 1892 жылы құрылған Халықаралық конбки тебушілер одағы ISU басқарады.

Конькимен мәнерлеп сырғанау Олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1924 жылы енгізілді. Ал мұзайдынындағы спорт билері Олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1976 жылы енгізілді.
Целиноградта конькимен мәнерлеп сырғанау 1969 жылдан бастап дами бастады. Мәнерлеп сырғанау бөлімі Жастар спорт метебі базасында ашылған еді.

Оқу-жаттығу сабақтары «Динамо» стадионында, ашық алаңда өткізілді.
Бүгінгі күні Астанада айдынында фигуристердің жарыстары мен жаттығулары өткізілетін бірнеше жабық спорт объектілері бар. «Алауда» сапалы жаттығулар өзкізу үшін барлық жағдайлар жасалған: айдын ортасында жұмсақ борты бар, таңбаланбаған корт орналасқан. Ал спортшыларға ыңғайлы болу үшін алаң жанында хореографиялық зал мен киім ауыстыратын бөлме бар.

Жас фигуристтерді  дайындау жұмыстарын  Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК   жүргізеді.

Балаларды мәнерлеп сырғанау секцияларына  жазуға байланысты сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:
010000, Қазақстан Республикасы
Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 47
Тел.:  8 (7172) 571612, 571613, 445742
E-mail: sport-zima@rambler.ru
www.astanawintersport.kz

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу