Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Коньки тебу

Коньки тебу спорты (конькимен жылдамдыққа жүгіру— ағыл. SpeedSkating) – мұзайдыны стадионында 400 метрлік тұйықталған шеңбер бойынша белгілі бір қашықтықты мейілінше жылдам бағындыру қажеттілігі бар  спорт түрі. Жылдамдыққа жүгіргенде арнайы жүгіру конькилері қолданылады.

Коньки тебу спорты – бұрыннан келе жатқан спорт түрлерінің бірі. Археологтардың зерттеуі бойынша ең  көне конькилер бұдан 3200 жыл бұрын Солтүстік Қара теңіз жағалауында өмір сүрген көшпенді тайпа – кимерийлерге тән. Ең бірінші ресми тіркелген жарыстар Ұлыбританияда, 1763 жылы қаңтар айында өткізілді. Спорт түрі ретінде конькимен жылдамдыққа жүгіру  ХІХ ғасырдың екінші жартысында дами түсті.

Коньки тебушілердің халықаралық одағы ISU – ИСУ, 1892 жылы  құрылған және 60-тан астам ұлттық федерацияларды біріктіреді.

Ал 1889 жылы Амстердам, Нидерландыда коньки тебушілер арасында бірінші әлем чемпионаты болды. Коньки тебушілердің халықаралық одағы бұл жарыстарды кәсіби деп жариялап, 1893 жылы Амстердамда еркектер арасында бірінші ресми әлем чемпионатын өткізді. Ал әйелдер арасындағы әлем чемпионаттары 1936 жылдан бастап өткізіледі. 500-1000 м қысқа қашықтықтағы көп сатылы жарыстардың әлем чемпионаттары 1972 жылдан бастап жүргізіледі.

Қысқы Олипиадалық ойындар бағдарламасына еркектер арасында конькимен жылдамдыққа жүгіру спорты 1924 жылдан бастап енгізілді, ал әйелдер арасындағы жарыстар 1960 жылдан бастап өткізіледі.

Қазақстандағы коньки тебу спортының даму тарихы 1931 жылдан,  сол уақытта  Қарағанды, Көкшетау және Ақмола облыстарын біріктірген облыс орталығы –Петропавлда спорт құрылыс кешені бар  «Динамо» стадионы салынған кезде басталды.

Коньки тебу спортының дамуы Алматы қаласында, теңіз деңгейінен 1691 метр биіктікте орналасқан «Медеу» спорт кешенінің құрылысымен жаңа деңгейге көтерілді.  

Медеу қысқы спорт түрлері үшін әлемдегі кешендердің ішіндегі  ең биікшыңдысы болып қала береді. Биік шыңының және мұзға құюға арналған мөлдір таза суының арқасында бұнда еркектер мен әйелдер арсында барлық қашықтықта 200-ден астам әлем рекордтары бекітілді. Алматылық айдын ұзақ уақыт бойы «рекордтар фабрикасы» статусына ие болды.

Бүгінгі күні бұл статусқа Астанада орналасқан «Алау» мұзайдыны сарайы үміткер болып  табылады. Жаңа коньки тебу стадионы барлық халықаралық стандарттарға жауап береді және ресми жарыстар мен оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін өте қолайлы. Тек бірінші халықаралық жарыстар - 7-ші қысқы Азия ойындарының барысында мұнда 9 континенттік рекорд қойылды.

2011 жылдан бастап «Алау» МС коньки тебу спорты бойынша Қазақстан чемпионаттары мен кубоктарының ішкі жарыстары өткізіледі. Бүгінгі күні мұзайдыны сарайында коньки тебу спорты бойынша ұлттық құрама жиындары өткізіледі және жас жеткіншектер мен ардагерлер жаттығады.

Жас спортшы  жеткіншектерді дайындауды  Астана қаласы туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының «№2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК жүргізеді.

Мектеп 1963 жылы құрылған. Директор: Радик Хамитұлы Бикчантаев, коньки тебу спорты  бойынша халықаралық деңгейдегі спорт шебері.

Балаларды коньки тебу спорт секцияларына  жазуға байланысты сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:
010000, Қазақстан Республикасы
Астана қаласы Қабанбай батыр даңғылы, 47
Тел.:  8 (7172) 571612, 571613, 445742
E-mail: sport-zima@rambler.ru
www.astanawintersport.kz

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу