Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

Кёрлинг

Кёрлинг (шотл. curling – айналу, бұралу) – бұл мұзайдыны үстінде өтетін командалық спорт түрі, онда екі команда қатысушылары кезек-кезекпен салмағы шамамен 20 килограмдық граниттан жасалған арнайы тасты алдыда орналасқан нысанға жібереді.

Керлинг ең ежелгі спорт ойындарының бір түрі болып есептеледі, бұл ойынның пайда болу тарихы Шотландияда орналасқан Данблейн атты кішкентай қалашықтан бастау алады. Дәл сол жерде, құрғатылған тоған түбінде «1511 жыл» деген жазбасы бар керлинг тасы табылған.

Жаңа да таңсық спорт түріне – керлингке – қазақстандық спортшылардың қызығушылығы  2000-шы жылдарының басында артқан. Ал 2003 жылдың қараша айында Қазақстан Керлинг Қауымдастығы ресми түрде құралды.

Қазақстандық керлинге алғашқы дұрыс қадамын жасауға көмектескендер арасында ресейлік керлинг спортшысы Александр Кириков және танымал екі канадалық мамандар, Кис Вендорф және Смит Керк бар.

Қазақстанда 1000 астам спортшы республиканың он бір аймағында керлингпен айналысады. Қазіргі уақыта Астана қаласының керлинг бөлімшесі балалар-жасөспірімдер спорт мектептері мен спорт клубтарында жұмыс атқаруда. 

Балаларды керлинг секциясына жазуға байланысты сұрақтар бойыншы мына мекен-жайға хабарласыңыздар:

Тел.: +7  (701) 388-26-93

E-mail: romkzsport@mail.ru

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу