Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

12 қазан 2019 «Алауға» жаппай сырғанаудың ашылу салтанатына 1000-нан астам адам келді

12 қазанда «Алау» мұзайдыны сарайында көптен күткен жаппай сырғанау маусымы ашылды. Жаңа маусымға  1000-нан астам адам жиналды.

Мерекелік ашылу салтанаты 12 қазанда 3 сеанста өтті. Сағат тілі дәлме-дәл 15:00-ді соққанда сахнаға микрафон ұстай шыққан Азат Абыкен ел көңілін бірден өзіне аударды. Мәнерлеп сырғанаушылардың керемет биімен ашылған  мереклік шарада «Алау» мұзайдыны сарайының директоры Бихерт Александр Викторович сөз алып «Баршаңызды жаппай сырғанау маусымының  ашылуымен құттықтаймын! Дүйсенбіден басқа күндері сіздерді асыға күтеміз. (дүйсенбі - техникалық күн, редактордың ескертпесі). Біз сіздер үшін барлық жақсы жағдайды жасауға тырысамыз. Ең көңілді демалыс Алауда»  дей келе кешке өз сөзімен ерекше бір леп сыйлады.
 
Жаңа маусымда жаңалық көп! 1000-ға жуық конькилер жаңартылды. Әрі кіру билетінің құны да халыққа ыңғайлы бағада қойылды.
 
Ашылу салтанатында адамдар тек коньки теуіп қана қоймады, керемет кешке куә болды. Ән айтып, би билеп SAZ тобы, Dom many Show, Ринат Мальцагов және Айнур Абдиева сынды өнер жұлдыздарының  талантын тамашалады. Ал бүлдіршіндер үшін арнайы аниматорлар жұмыс істеді. Сеанс соңында жаппай сырғанау маусымына және «Барыс Арена» бассейніне жолдама билеттер мен сыйлықтар ойнатылды. Басты жүлде «Астана» ФК аты аңызға айналған Манчестер Юнайтедпен ойнайтын Еуропа Суперлигасына жолдама билеті болды.
 


Естеріңізге сала кетейік, жаңа маусымда жаппай сырғанау кестесі өзгерген жоқ. Дүйсенбіден басқа аптаның барлық күндері коньки тебе аласыз. Жұмыс күндері бір сеанс 19:00-ден 22:00-ге дейін, ал демалыс күндері 5 сеанс 9:00-ден  22:00-ге дейін. Ал арнайы жеңілдетілген билеттер мектеп оқушылары, студенттер, зейнеткерлер үшін қолжетімді. 1 және 2 топтағы мүгедектер, 7 жасқа дейінгі балалар, көп балалы отбасылардың балалары және балалар үйінің тәрбиеленушілері тегін кіре алады.


Жаппай  сырғанауға қатысты барлық жаңалықтарды дер кезінде білу үшін @alauicepalace Instagram парақшамызға жазылыңыз.
«Алау» мұзайдыны сарайы – Спорт бізден басталады!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу