Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

01 шілде 2019 «Алау» мұзайдыны сарайы және «Астана Арена» стадионы «Astana Venue Management» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына берілді

2019 жылдың 1 шілдесінен бастап «Алау» мұзайдыны сарайы және «Астана Арена» стадионы ««Astana Venue Management»» ЖШС-нің сенімгерлік басқаруына ауысады. Бұл туралы 31 мамырда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Үкімет сағатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Қаналимов мәлімдеді.

«Алау» мұзайдыны сарайы мен «Астана-Арена» стадионын сенімгерлік басқаруға аудару жоспарлануда, ол жергілікті бюджеттен жалақы қорын ұстауға, шығындарды оңтайландыруды қамтамасыз етеуге үлкен сеп болады. Ал «Алау» мұзайдыны сарайында жалпы жинақ 30 пайызға дейін, «Астана Арена» стадионында 20 пайызға дейін жететін болады», - деді өз сөзінде Ерлан Қаналимов.

Алдынғы жылдары, нақтырақ айтсақ 2017 жылы «Барыс Арена» және «Қазақстан» СК серіктестіктің сенімгерлік басқаруына берілді.

«Astana Venue Management» ЖШС - Нұр-Султанның ірі мәдени және спорттық нысандарының бірыңғай басқарушы компаниясы. Компания басшылығында: «Барыс-Арена» КМС, «Барыс» аренадағы Олимпиадалық бассейін, «Астана-Арена» стадионы, «Алау» МС, «Қазақстан» СК сынды бірқатар ірі орындар бар. Ресми веб-сайт www.a-vm.kz

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу