Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

19 маусым 2019 «Алау» мұз айдыны сарайына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылдың 18 маусымы күні «Алау» мұз айдыны сарайында Мәдениет және спорт  басқармасымен бірлесе отырып жиын өткізілді. Жиналыс барысында «Алау» мұз айдыны сарайының директоры болып Александр Викторович Бихерт тағайындалды.

Ал «Алау» мұз айдыны сарайын 2018 жылдың сәуірінің 16-сынан бері басқарып, жұмыс нәтижесі барысында ең үздік нәтиже көрсеткен Санат Бақытұлы Шапашов Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт басқармасының басшысының орынбасары болып бекітілді.

Санат Бақытұлының жетекшілігімен көптеген елдер мен Қазақстанның 1000-нан астам қатысушылары жиналған әлемдік жұлдыздардың  үстел теннисі фестивалі, үш күндік заманауи жазғы фестивалі - Нұр-Сұлтан тарихындағы жекпе-жектің бірінші халықаралық турнирі «Есілдегі шайқас» кәсіби шеберлері, «Астана FM толқынындағы  - мұз энергиясы» шоу-концерті, радиоларда тікелей эфирде жүргізілсе , ашық мәнерлеп сырғанау кубогы «Astana Figure Skating Cup-2018 іс-шаралары өтті. Ал жыл соңында «Алау» мұз айдыны сарайы осы өткізген керемет жобалардың нәтижесінде «Жыл көшбасшысы» сыйлығына ие болды. Бұның бәрі білікті басшы Санат Бақытұлы мен бірліктегі  ұйымшыл ұжым арқасы.

Сөз соңында Санат Бақытұлы ұжымға  және жаңа көшбасшыға:

- Әріптестер, мен сіздермен  бірге жұмыс істегеніме өте  қуаныштымын. Сіздермен бірге біз көп нәрсеге қол жеткіздік. Біз бәріне қарамастан алдағы уақытта да  үнемі байланыста боламыз. Александр Викторович, мен сізге ғимаратты ғана емес, өз салаңыздағы керемет мамандарды да зор сеніммен табыс етемін.  «Алау» мұз айдыны сарайында қызмет ететіндердің барлығы өз ісін біледі және кез-келген тапсырманы орындау үшін қажетті барын салатын еңбекқор жандар. Баршаңызға сәттілік тілеймін»-,деп ерекше ықыласын білдірді.

Жаңа басшыларды қызметтеріне Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және Спорт басқармасының басшысы Мажағұлов Болат Бауыржанұлы тағайындап, құттықтау лебізін білдірді.

Сонымен қатар Бихерт Александр Викторович мырза туралы Мажағұлов Болат Бауыржанұлы  өте керемет пікір білдіріп жалпы басшылық саласында әрі өз жұмысында үздік маман екенін жеткізді.

 

«Алау мұз сарайының» ұжымы атынан Санат Бақытұлына  сарайымызды дамытуға қосқан үлесі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз. Біз қол жеткізген барлық жетістік сол кісінің ерекше қолдауының арқасы - біз бәріне бірге қол жеткіздік! Рахмет!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу