Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

05 маусым 2019 Онкологиялық ауруды жеңген Чемпиондар Алауда

«Алау» Мұзайдыны сарайында онкологиялық ауруларды жеңген балалар арасындағы Чемпиондардың I Республикалық ойындары аяқталды. Еліміздің барлық аймақтарынан 106 чемпион І Республикалық Чемпиондар ойындарына қатысу үшін Мұзайдыны сарайында жиналды. Балалармен бірге ата-аналары және « Ана мен Бала» орталығының  дәрігерлері болды.

Чмпиондардың І Респупликалық ойындары бірнеше спорт түрлері бойынша өтті. Олар:  футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, шахмат, «Асық ату» және оқ ату.Олардың әрқайсысының өз ережесі болды және ол балаларға мұқият т.сіндіріліп, балалардың қауіпсіздігі ерекше қадағаланды.

Шара барысында Ана мен бала орталығының директоры Бекбай Хайруллин сөз алып :«Қымбатты балалар, мен сіздерге үлкен рахмет айтқым келеді. Сендер ерлік пен батырлықтың жарқын үлгісісіңдер. Сендер нағыз чемпиондарсыңдар. Сонымен қатар ата-аналарға үлкен құрметімді  білдіріп алғыс айтамын. Бұл кісілер  әрқашан бізге демеу болып, көмек көрсетіп жүреді. Біз барлық жеңіске бірге жеттік. Бұл сіздердің еңбектеріңіздің жемісі. Тағы да, Ана мен бала орталығының осы іс- шараға атсалысып жүрген әрбір адамына айтар алғызым зор.Әрқайсысыңыздың осы шараны өткізуге қосқан үлестеріңіз көр, сіздер мың д бір алғыс», - деп өзінің жүрек жарды лебізін білдірді.


Ал қонақ ретінде Чемпиондардың I ойындарын қолдауға келген  Гюзель Манюрова, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов және Динара Сәдуақасова сынды чемпиондар балалар үшін үлкен көз қуаныш болды. Қатысушыларға белгілі чемпион Мерік Сәпиев, арнайы құттықтау білдіріп ерекше ықылас таныта отырып : «Бұл жарыс – басқа балалар мен ата-аналар үшін үлкен бір серпіліс әрі алға қарай жетелейтін ерекше қуат. Әрбір бала іштегі күресін күшейтіп, өмірге деген құлшынысын арттырып, жпарқын болашаққ тек сеніммен қарай алуы қажет»- деп өрендерді ерекше жігерлендірді.

Сондай-ақ, шақырылған қонақ ретінде  ашылу салтанатына қатысқан Данияр Елеусіновте  қолдау білдіре отырып сөз сөйледі : «Осында ауыр сырқатты жеңген балалар, нағыз батырлар  жиналды. Қазір олар тек ауруды жеңіп қана қоймай, салауатты өмір салтын ұстап спорттық жарыстарға қатысып жүр. Мен оларды қолдау үшін арнайы  келдім. Олар мен үшін өмірдегі ең үлкен жеңіске ие болған жандар»-деп ағынан жарылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевте қатысты.Ол кісіде өзінің ақжарма тілегін айтып, сөз алды. «Онкология –  бұл жазылмас дерт емес. Бұл емдеуге болатын ауру. Осы ауруды жеңген емделушілер бар.  Егер сіз «Ана мен Бала орталығының онкология бөліміне келген болсаңыз, ондағы көңіл-күйдің бәсең  екенін білесіздер: балалар ауырады, ата-аналар олармен бірге қоысыла жандары шырқырайды.Эмоциялық жағдай нашарлайды, өмірмен күрес ерекше жүріп жатқан жерде жағдайың да төмендейді. Ал керісінші мұндай іс-шаралар арқылы, біз олардың рухын көтеріп, жігерленгенін қалаймыз. Осында бірінші, екінші орын деген болмайды – олардың бәрі чемпион»,- деп керемет сөз сөйледі.

Бұл керемет іс-шараға осымен тоқтамайды. Алдағы уаққыта керісінше жыл сайын жақсаып өз жалғасын таба береді деген сенімдеміз. Және ұйымдастырушылар да бұл шараның жалғасын табатынын айтты.

 

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу