Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

23 мамыр 2019 Алау мұз айдыны сарайында ардагерлер дойбы мен шахмет ойнап жарысты.

Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынының тұңғыш аты «чатуранга». Ойынның мәні де осында, мұнда «ақ жағы» мен «қара жағының» екі армиясы 64 шаршылы тақта үстінде шайқасады. Ойынды заңды түрде 2 ойыншы ойнайды. Шахматтың адам ойын дамытуға қосар әсері ерекше, тіпті ойлана отырып ойнау адамға жақсы әсер етіп, керемет көңіл-күй сыйлайды екен.

Керемет көңіл күй демекші «Алау» Мұзайдыны сарайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу аясында ағымдағы жылдың 23 мамыр күні сағат 10:00 де аудандық Ардагер кеңесі , Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясымен бірлесіп, «Есіл» ауданының зейнеткерлері арасында шахмат пен дойбыдан жарыс өтті. Шараға 35 жуық зейнеткерлер қауымы қатысып ерекше көңіл-күйге бөленді.

Жыл сайын ұйымдастырылатын осы жарысқа қалмай келетін ардагерлер ақтарынан жарыла ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, өздері ерекше ойын көрсетті. Дойбы мен шахматтан ерлер және әйелдер арасында жеке-жеке жарыс өтіп, жеңімпаздар құнды сыйлықтармен марапатталып, «Алау» Мұзайдыны сарайының жазғы спорттық орталығына бір айлық абонемент сыйланды. Яғни ардагерлер бір ай бойы «Алау» Мұзайдыны  сарайындағы жазғы спорттық ойындарымен тегін айналыса алатын болады.

         Жарыс қорытындысы бойынша зейнеткерлер арасында өткен шахмат жарысында

І орынды Елюбаев Мейрам

ІІ орынды Чен Валерий

ІІІ орынды Бердигашев Алмабек иеленді.

Ерлер арасында өткен дойбы жарысында :

І орынды Ажгалиев Орынбасар

ІІ орынды Мынжанбаев Есілбай

ІІІ орынды Рахымжанов Қуат иеленді.

Ал әйелдер арасында өткен дойбы жарысы бойынша

І орынды Рахманова Назира

ІІ орынды Костина Людмила

ІІІ орынды Кусаинова Бәтима иеленді

Зейнеткерлер арасында өткен жарыс өте қызықты әрі көңілді өтті. Елімізге еңбек еткен ардагерлер қауымына арналған бұл шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу