Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

24 мамыр 2019 Елордалық саябақтарда жексенбілік жаттығулар жанданады

26 мамырда елордада ашық аспан астында өтетін «Fitness Park Nur-Sultan» апта сайынғы жексенбілік жаттығулары қайта жандандырылады. Биыл әкімдік барлық елорда тұрғындарына арналған тегін спорттық жаттығуларды төрт саябақта ұйымдастырады – Астаналық, Ботаникалық бақ, Жерұйық және Жетісу. Кәсіпқой мамандар жетекшілік еткен жаппай жаттығулар сағат 10:00-12:00 аралығында жасалады. Алғашқы сабақ тек Астаналық саябақта ғана өтеді, ал қалған саябақтар шараға 2 маусымда қосылады. Жексенбілік жаттығулар тамыз айының соңына дейін жалғасады.
«Жазда «Fitness Park Nur-Sultan» тегін спорт жаттығулары төртінші жыл қатарынан өткізілмек. Ол үшін жыл сайын кеңінен танымал спорт түрлері таңдалады. Биыл CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, үстел ойындары (дойбы, шахмат) және топтық жүгіру болады. Жыл өткен сайын жаттығуларға қатысушылар саны артып келеді, бұл қуантарлық жайт, Осылайша, қала тұрғындары денсаулықтарын күшейтеді, ал сабақтан кейін сергек әрі көтеріңкі көңіл күйде болады», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы Мәдениет және спорт бсқармасының басшысы Болат Мажағұлов.
Дәстүр бойынша «Fitness Park Nur-Sultan» ауқымды жаттығулары Астаналық саябақта өткізіледі. Өйткені, қала тұрғындары онда жиі барады. Саябақта аталған спорттық бағыттардың барлығы болады, яғни CrossFit, йога, бокс, бразилиялық джиу-джитсу, Zumba, үстел ойындары (дойбы, шахмат) және топтық жүгіру. Ал, үстел ойындарын ойнау үшін саябақта шахмат тақтайшасының суреті бар арнайы стационарлық үстелдер орнатылады.
«Жерұйық» және «Жетісу» саябақтарында жаппай спорттық шаралар СrossFit, джиу-джитсу және Zumba, Ботаникалық бақта - СrossFit, джиу-джитсу, Zumba және топтық жүгіру бағыттары бойынша өткізіледі.
Сонымен қатар, бүгін, 20 мамырда, елордалық саябақтарда балалар ойын-сауық бағдарламасы бастау алды. «Саябақтың 7 ғажайыбы» үш жылдан бері кішкентай елорда тұрғындары мен қонақтарына қуаныш сыйлап келеді. Балалардың сүйікті кейіпкерлерінің кейпіндегі аниматорлардың қатысуымен өткізілетін шоу Астаналық, Жерұйық және Жетісу саябақтарында күніне екі рет өткізіледі. Серуендеп жүрген балдырғандарға Миньондар, қуыршақ Барбилер, Мадагаскар және Спанч-Боб және басқа да мультфильмдердің кейіпкерлері көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Шара барысында кәсіпқой бишілер мен акробаттар өнер көрсетеді, балалар аниматорлардың іс-қимылдарын қайтайлайды, қосылып ән айтады, би билеп, ойнайды.
«Саябақтың 7 ғажайыбы» шоу бағдарламасының кестесі Нұр-Сұлтан қаласының Мәдениет және спорт басқармасының @madeniet_sport.nursultan Instagram аккаунтында жарияланады.

Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет және спорт басқармасы

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу