Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

13 мамыр 2019 «Алау» сарайында жазғы спорт орталығы ашылды

2019 жылдың 11 мамырында «Алау» Мұзайдыны сарайы жазғы жұмыс форматына көшті. Спорттық орталық -  бұл жыл мезгілінің аптап күндерінде  конькимен сырғанаудың  тамаша мүмкіндігі.

Өткен демалыс күндері «Алау» Мұзайдыны сарайы белсенді өмір салтын жүргізіп, спорттық демалысты жақсы көретіндерге есігін айқара ашты. Келушілерге коньки, роликтер, үстел теннисі және бадминтон қайта қол жетімді болды. Ең кішкентайлар үшін – «Әуе сарайы» ашылды!

Орталықтың ашылуында SOS балалар ауылының тәрбиеленушілері, «Аяла» және «Нұр әлем» қайырымдылық қорлары шақырған балалар болды. Осы ұйымдардың барлығы жазғы спорт орталығына тегін кіре алды. 40-тан астам бала конькимен және роликтермен сырғанады, сондай-ақ үстел теннисі мен бадминтон ойнады.

Естеріңізге сала кетейік, орталық демалыс күндері (сб-жс) сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді.

Таңғы сеанс: 10:00-15:00

Кешкі сеанс: 17:00-22:00

Жеңілдік және балалар билетінің бағасы – 560 теңге, ересек билетінің бағасы – 1120 теңге.

Біздің alau.info  сайтымызда «Жазғы спорт орталығы» бөлімінде толығырақ ақпарат берілген.

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары, Сіздерді «Алау»Мұзайдыны сарайында күтеміз!

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу