Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

12 сәуір 2019 Жаппай сырғанау маусымының жабылуы

Өткізілу уақыты: 2019 жылдың  14 сәуірі күні, 9:00 – 23:00.

Өткізілу орны:  «Алау» мұзайдыны сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 47

          Іс-шара:

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Алау» мұзайдыны сарайы»  жаппай сырғанау маусымының кезекті маусымын аяқтайды.

Жаппай сырғанау маусымының жабылуына байланысты «Алау» мұзайдыны сарайында 5 сеанс бойы әр түрлі іс-шаралар өткізілетін болады. Шара барысында келушілерге арнайы сыйлықтар дайындалып, қызықты ойындар да өткізіледі. Атап айтар болсақ:

1 сеанста конькимен сырғанаушыларға аранайы мастер-класстар өткізіледі.Сеанс соңына қарай кез-келген ерікті әуесқой сырғанаушы «Масстарт» жарысына қатыса алады.

2 сеанста шорт-трекпен айналысушыларға арналған шаралар болады. Арнайы бір кортта шорт-трек жаттықтырушысы өз жаттығуларын барша келушілерге көрсететін болады.

3 сеанста Мәнерлеп сырғанаушылар келушілерге арнап мұзда керемет өнер көрсетеді, мұз үстінде жаппай флешмоб ұйымдастыратын болады.

4 сеанста хоккей сүйіушілерге арнап арнайы екі команда арасында хоккейден жарыс ұйымдастырылады.

5 сеанста «Алау» мұзайдыны сарайы мұз үстінде қызмет ететін жаттықтырушылармен қатар жүргізушілер келушілерге арнап ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарды марапаттайды.

 

Құрметті елорда тұрғындары мен қонақтары 14 сәуір күні сіздерді «Алау» мұзайдыны сарайында асыға күтеміз!

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу