Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

20 наурыз 2019 "Береке-бірлік үшін рахмет!" - Нұрсұлтан Назарбаев Президент ретіндегі өкілеттігін тоқтатты.

«Алау» - болашақ олимпиадалықтарға қызмет ету үшін ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спорттың даму орталығы болу үшін жасалған керемет спорттық құрылыс. 
Н.Назарбаев (ақпан 2011 ж.)

 19 наурыз 2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміздің Президенті ретіндегі өкілеттігінің тоқтатуы жайлы шешім қабылдады. Бұл жаңалық баршамызға екі түрлі сезіммен ой туғызды.

Бір жағынан, тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті өкілеттігін тоқтатқаны өкініш сезімін қалдырса, екінші жағынан – Тәуелсіз еліміздің барлық жетістіктері үшін шексіз құрмет білдіргіміз келеді.

Осы жылдар ішінде халқымыз сөз бостандығы және таңдауының не екенін білді. Өзіміздің ұлттық валютамыз «Теңгеге» қол жеткіздік. Еліміздің азаматтары өздерінің діни сенім бостандығына құқұлы. Әрбір қазақстадықтың мақтанышпен айта алатыны ол Отанымызда 100-ден астам ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісімде, сондай-ақ  тең құқұқта тұратыны.

Тұңғыш Президенттің арқасында жас буынға елімізде немесе шет елдерде білім алудың барлық мүмкіндіктері жасалған. Қазіргі нарық жағдайында Қазақстан бәсекеге қабілетті ел.

Елбасымыздың кәсіби, әуесқой және жаппай спорт дамуына қосқан үлесі жайлы бөлек айта кету керек. Бір ғана «Алау» мұзайдыны сарайында жыл сайын ірі халықаралық, республикалық және аймақтық жарыстар өтуде. Әр түрлі деңгейдегі 1000-нан астам спортшы күнделікті спорт кешенде жаттығуларын өткізуде.

«Алау» мұзайдыны сарайы ұжымы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне шексіз алғысын білдіреді. Көрсеткен ерлігіңіз үшін, халқыңызға жасаған ерен еңбегіңіз үшін, және ең бастысы, міне 30 жыл бойы көк аспан астында береке-бірлікте өмір сүріп жатқанымыз үшін Рахмет!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу