Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

06 наурыз 2019 Универсиада-2019: Шорт-трекші қыздарымыз жүлде алды

Красноярск қаласында өтіп жатқан Универсиадада ел қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

Шорт-тректен әйелдер командасы финалда Оңтүстік Корея, Ресей және Жапония құрамаларымен күш сынасқан. Біздің қыздар мәре сызығын төртінші болып кескенімен кәріс спортшылары ереже бұзған себепті жарыстан шеттетілді. Осылайша, Қазақстан құрамасы жүлдегерлер қатарына ілінді.

Алтын жүлдені жарыс қожайындары алса, жапон спортшылары күмісті қанағат тұтты.

Қазақстаннан Әлия Әміргалиева, Қадиша Бақыткереева, Яна Хан мен Алена Волковицкая өнер көрсетті.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін шаңғышы Әсет Дүйсенов спринтерлік сында бақ сынап, күміске қол жеткізді. Ал фристайлдан Жанбота Алдабергенова қола жүлдегер атанған еді.

xабарлайды Qsport.kz

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу