Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

09 наурыз 2019 Элизабет Тұрсынбаева Универсиадада күміс медаль жеңіп алды

Красноярск қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиада ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір медальмен толықты. Элизабет Тұрсынбаева мәнерлеп сырғанаудан күміс жүлде жеңіп алды, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

Қысқа бағдарламадан соң жерлесіміз төртінші орынға табан тіреген. Еркін бағдарламаны еш қатесіз орындаған ол жалпы есепте екінші орынға көтерілді.


Тұрсынбаева өзінің екі рекордын жаңартты. Еркін бағдарламадан алғаш рет 147.20 ұпай иеленсе, қоссайыс қорытындысы бойынша 214.77 ұпайға қол жеткізді.



Алтын жүлдені жапон Маи Михара (220.68), қоланы ресейлік Станислава Константинова (205.91) жеңіп алды.

Тағы бір қазақстандық спортшы Айза Мамбеква 124.41 ұпаймен 17-ші орыннан көрінді.

sputniknews.kz сайты хабарлайды

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу