Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

15 наурыз 2019 Әз-Наурыз мейрамына арналған бағдарлама

Шын мәнінде халқымыз Наурыз айының алғашқы (ескіше – 1 наурыз кәзіргі 14-не сәйкес) күнінен бастап, Наурыз мерекесін бір ай бойы мейрамдаған. Қазақтың белгілі білімдары —  Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 8 күндік наурыздама өтетінін жазады. Ол ескіше: 1-8 наурыз, кәзіргі күнтізбеде 14-21 наурыз аралығы. Ал «Алау» мұз айдыны сарайы 2017 жылдан бері наурызды «Көрісу күнінен» бастап тойлап, ұлттық мейрамға ерекше назар аударып келеді.


Осыған орай «Алау» мұз айдыны сарайы 21 наурыздан бастап 25 наурызға дейін 9:00 мен 23:00 аралығында 5 сеанс бойы жаппай сырғанау марафоны өтеді. Келушілерге арнап арнайы мерекелік  сыйлықтар ұйымдастырып ерекше көңіл күй сыйлайтын болады.

Көрісу күні
Биыл да Наурыз мерекесін ерекше тойлау мақсатында 16 наурыз сағат 12:00-де  Көрісу күніне орай  «Алау» мұз айдыны сарайына жақын орналасқан көрші спорт кешендерін «Наурызнамаға» арнайы шақырады. «Наурызнама» барысында қонақтарға дастархан жайылып, әсем ән мен тәтті күйден шашау шашылып және де  «Алау» мұз айдыны сарайымен таныстыру мақсатында әр қонаққа ерекше көңіл күй сыйлау үшін коньки тебулеріне мүмкіндік берілетін болады.


«Күй Алауы»
Ал 21 наурыз күні  сағат 15:00-де Ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мейрамы қарсаңында және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына сәйкес әрі домбыра күйлерінің ЮНЕСКО-ға енгеніне 5 жыл толуына орай алғаш рет мұз үстінде  Астана  қаласы домбырашыларының басын қосып «Күй Алауы» атты мерекелік шара өтеді. Шараға бас қаламыздың 50-ге тарта күйші қатысып, өз өнерлерін көрсететін болады.


«Тұсау кесу»
22 наурыз күні сағат 15:00-де жиналған көпшілікке «Тұсау кесу» салт-дәстүрі көрсетіледі. Келгендердің арасынан жүрісі жылдам, қимылы ширақ, іске епті қасиеттерімен көзге түсетін, спортмен шұғылданатын адам таңдалып алынып, болашақ спортшының тұсаукесерін соған тапсырады. «Тұсау кесу» дәстүрі мұз алаңында көрсетіледі.

«Асық ату»
Ал 23 наурыз күні сағат 15:00-де Төл мейрамымыз  Әз-наурыз қарсаңында барша актерлер мен БАҚ өкілдері арасында Ұлттық ойынымызды насихаттау барсында «Асық ату» жарысы өткізілетін болады. Шараға барлық үміткерелер қатыса алады.




 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу