Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

15 ақпан 2019 Элизабет Тұрсынбаева: «Мені осыншалықты адам күтіп алғанына өте таң қалдым. Бұл мен үшін үлкен тосын сый»

2019 жылдың 14 ақпан күні «Алау» мұз айдыны сарайында халықаралық жарыстарда топ жара бастаған қазақстандық жас жұлдыз,  жақында ғана өткен Төрт құрлық турнирінде күміс жүлдеге ие болған мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева  мәнерлеп сырғанаушылармен кездесіп, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне сұхбат берді.

Элизабетті арнайы көруге келген жас мәнелдеп сырғанаушылар осы сала бойынша көкейде жүрген  сұрақтарын қойып, ақжарма тілектерін білдіріп, бәрі бір ауыздан  болашақ  жұлдызға тек қана сәттілік тілеп, естелік суреттке түсті.

Іс-шараға Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасының әкімшілігі, «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Санат Бақытұлы Шапашов, Қысқы спорт түрлері бойынша «№2 МБЖСМ» КММ  басшысы Радик Хамитович Бикчантаев, «Коньки тебушілердің Ұлттық федерациясы» РҚБ президенті Болат Бидахметұлы Жәмішев, «№2 МБЖСМ тәрбиеленушілері мен жаттықтырушылары, балалардың ата-аналары және журналистер қатысты.

«Мен үшін кездесу күтпеген жерден болды. Бұл туралы соңғы сәтте ғана білдім. Мені осыншалықты адам күтіп алғанына өте таң қалдым. Бұл мен үшін үлкен тосын сый»,  деді Элизабет.

Элизабет Тұрсынбаева Төрт құрлық турниріне дайындық туралы айтып, мұз айдыны сарайында шұғылданатын жас мәнерлеп сырғанаушыларға бірнеше кеңес берді.

«Біз өте қатты дайындалды. Дайындық оңай болмады. Қысқа бағдарламадан кейін мен алтыншы орын алдым, және бапкермен бірге ешнәрсе жоғалтпаймыз деп ойладық және еркін түрде төрт рет секіруге тырыстым, мен оны істедім, бірақ құлап кеттім, қалған секірулерді жақсы орындадым. Әрине, екінші орын күтпеген едім, бірақ мен өте қуаныштымын», деді Тұрсынбаева.

Мәнерлеп сырғанаушы алдағы турнирлерге жоспарларымен бөлісті:            «Сальхомен жұмыс істеуді бастадым және оны бағдарламада қолдана бастадым. Артқа жол жоқ, оны орындауға тырысу қажет. Бұл қашанда менің сүйікті секіруім болған, менде осы секіру техникасы бұрыннан жақсы қаланған деп ойлаймын». Жалпы, бұл секіруді екі жыл бұрын жасаған болатынмын. Мүмкін, сонымен қатар дене жеңілдігі де көмектеседі».

Сальхов (ағыл. salchow) - мәнерлеп сырғанауда үш қабырғалық секірудің бірі (риттбергер мен акселмен қатар). Секіруге кіру доғадан артқа-ішке жүреді, сонымен бір мезгілде осы еркін аяғы дененің айналасында мах жасайды, қону сыртқы қабырғаға артқа қарай орындалады. Ауадағы айналулар санына байланысты бір, екі, үш немесе төрт сальхтар деп бөлінеді.

Сондай-ақ Элизабет жас мәнерлеп сырғанаушылардың сұрақтарына жауап берді және түрлі кеңестер айтты. Әсіресе ата-ана арасындағы қарым-қатынас жайлы: «Ата-аналарыңды тыңдаңдар, өйткені олар жаман кеңес бермейді. Ата-ана қашанда өз балаларына барлық өмірін сарп етеді, сендер оны бағалаңдар».

Элизабет Тұрсынбаева Анахаймда (АҚШ) мәнерлеп сырғанаудан Төрт құрлық турнирінде сәтті өнер көрсеткендігін естеріңізге сала кетейік. Оның активінде күміс медаль.

Қысқа бағдарламада Тұрсынбаева 68,09 балл жинап, аралық алтыншы орынға ие болды. Жеке бағдарламада төрешілер мәнерлеп сырғанаушының өнерін 139,37 балға бағалады. Спортшы жалпы саны 207,46 балл жинап, екінші орынға ие болды. Алтын медальді япон қызы Рика Кихира иемденді. Оның активінде 221,99 балл. Оның командасының мүшесі Маи Михара 207,12 баллмен үшінші орынды алды.

Жақын арада, 2 – 12 наурыз аралығында  Ресейдің Красноярск қаласында өтетін,  Қысқы Универсиадаға мәнерлеп сырғанаушы Тұрсынбаева қатысуды жоспарлауда, сонымен қатар 18-24 наурыз аралығында Жапонияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады.

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу