Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

08 ақпан 2019 «Алауда» бұқаралық спорт пен дене шынықтыру әрдайым қолжетімді

2018 жылдың 5 қазанында Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасы халқына деген жолдауында елімізді жаңғырту жөнінде қажетті бағдарламалық бастамалардың жасалғаны жайлы айтты. «Олардың жүзеге асырылуы табысты дамуымыздың негізгі факторына айналады», - деді Президент мырза.

Сол себепті Үкімет алдында көздеген мақсатқа жету үшін атқаруға міндетті іс-шаралар бар. Солардың бірі ол қазақстандықтардың табыстарының тұрақты өсуімен байланысты. Елбасы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе өсіруге тапсырды. Соған орай біз «Алау» мұзайдыны сарайының ғимаратқа қызмет көрсету бөлімінің жұмысшысының пікірін тыңдадық. «Менің есімім Молдағали Боранбай Тойшыбекұлы. Алауға жұмысқа орналасқаныма жеті жылдай болды. Елбасының 2018 жылғы жолдауына сәйкес ең төменгі жалақы өсетіні жайлы айтылған. Міне осы қаңтарда алған жалақымыз өсіп қуанып отырмыз. Мемлекеттін өз азаматтарына жасап отырған қолдауы дұрыс. Біз қуаныштымыз!» - деп Молдағали мырза өз сөзін аяқтады.

Өңірлік деңгейдегі резервтерді тауып, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажеттілігі жайлы да Елбасы жолдауында айтылған. «Алау» мұзайдыны сарайы елордамыздың бетке ұстар спорт кешендерінің бірі болып саналады. Осы мекемеде бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін қалай арттырып жатқаны жайлы біз халықаралық, аумақтық қарым-қатынас және жарыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Аджибаева Эльмира Сармырзаевнадан сұрап білдік.       – «Өздеріңіз білетіндей мұзайдыны сарайы базасында бес спорт түрінен секциялар өткізіледі. Конькимен жүгіруден спортшылар саны 145, олардың ішінде 8 конькимен жүгіруші Спорт Шебері. Ал 2011 жылдан бастап 42 Спорт Шеберлігіне үміткер және І дәрежедегі 47 спортшы дайындалып шығарылды. Мәңерлеп сырғанаудан 267, ал шорт-тректен 94 спортшы шұғылданады. Күндегі хоккей мен керлингтен секциялардың өткізілетіні жайлы да ұмытпау керек. Салауатты өмір салтын насихаттаумен қоса спортпен жаппай түрде айналысу мақсатында біз Астана қаласы балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алауда өтетін жобалармен іс-шараларға шақырып отырамыз. Оған қоса, елорда мектептері арасында да жоғарыда айтылып кеткен спорт түрлерімен шұғылдануға мүмкіндік жасаудамыз. Мысалы осы айдың 18-нен бастап Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының дене-шынықтыру сабағы біздің спорт кешенде өтетін болады. Сол себепті біздің Алауда бұқаралық спорт пен дене шынықтыру әрдайым қолжетімді деп сеніммен айта аламын».   

Кенесова Гульжан Бахтияровна, ұйымдастырушылық кадр бөлімінің кадр бойынша инспекторы: - «Елбасымыз, Нұрсұлтан Әбішұлы, өз жолдауларында халықтың тұрмыстық әл-ауқатын көтеру мәселесін әрдайым алға қойып отырады. 2018 жылғы жолдауында тұрмыс сапасын арттыру мәселесі бойынша нақты атқарылу қажеттілігі бар іс-шараларды атап өтті. Сонын ішінде тоқталып айта кететін болсақ білім және денсаулық мәселелеріне қатысты іс-шаралар. Үкімет алдындағы мақсаттардың бірі ол Назарбаев зияткерлік мектебінің оқу әдістемесін барлық мемлекеттік мектептерде қолдану. Бұл дегеніміз еліміздегі мектептердің барлығы бір білім сапасы бойынша оқи алады, яғни ата-аналардың баламды қай мектепке берсем екен деген мәселесін жеңілдетеді.  Екіншіден, ол денсаулық мәселесі. Болашақ ұрпағымыз салауаты өмір салтын ұстану үшін кем дегенде 100 спорттық-сауықтыру кешендері салынуы қажеттілігі айтылды. Бұл өсіп келе жатқан жастарымыздың денсаулығын нығайтуға және уақыттарын тиімді пайдалануға көмектеседі деп ойлаймын».

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу