Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

28 желтоқсан 2018 Ел есімін асқақтар коньки тебушілер «Алауда» жаттығады

Жаңа жылды жасыл шыршамен, Аяз Атамен, аққаламен, қырау басқан ағаштармен қарсы алу ол рахат сезімнің бірі. Ал Астананың төріндегі «Алау» мұз айдыны сарайында өтетін жаңа жылдық кеш басқаларынан өте, өте ерекше. Нағыз мұз үстінде жаңа жылды аяғыңа коньки кіиіп қарсы алып, атап өту бұл адам айтса сенбейтін ерекше сезімге бөлейді. Оны біздің көп келушілеріміз біледі.

«Алау» мұз айдыны сарайында  28 желтоқсан күні  «Аяз атаның сыйлықтары «Алауда»  атты мерекелік іс -шара  әрі  конькимен сырғанаудан жарыс өтті. Жарысқа  №2 Арнайы мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің 60-тан астам жас спортшы қатысып өз өнерлерін көрсетіп, сынға түсті.

Жарыс жеңімпаздары дайындалған тәтті сыйлықтармен және арнайы жасалған шыны ескерткіштермен марапатталды.

Сонымен бірге, бүгін спорт кешенінде аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына арналған  Жаңа жылдық ертеңгілік өткізілді. Ертеңгілік барысында Аяз Ата мен Ақшақар балаларға арнап небір ойындар ойнатып, би билетіп, мұзда  конькимен сырғанауды үйретті. Ал мұздағы аниматорлардың жұмысы тіптен қызық болды. Балалардың қуанышында шек болмады. Олар «Алау» мұз айдынында 22 наурыз қарсаңында өтетін іс-шараға дайындалу үшін мұзға үнемі келіп тұратындарын және  Наурыз мейрамын міндетті түрде «Алауда» тойлайтындарын айтты.

Балалар тек бақытты болуға лайықты. Біз әр сәбиді, әр баланы өзімізше сүйеміз. Жаңа жыл  баршаңызға құтты болсын!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу