Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

06 желтоқсан 2018 Разы болған ата-аналар: «Қолдан келе бермейтін нәрсені жүзеге асырдыңыздар»

6 желтоқсанда «Алау» мұзайдыны сарайында мәнерлеп сырғанаудан «Astana Figure Skating Cup – 2018» ашық Кубогы өз мәресіне жетті.

Жарысты ұйымдастырушылар арасында Астана қаласының Мәдениет және спорт басқармасы, «Алау» мұзайдыны сарайы МКҚК және «Астана қаласы әкімдігінің спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ болды.

20 жылдық мерейтойын тойлап жатқан елорда тарихында мұндай жарыс бұрын сонды болмаған. Кубок ашық форматта өтті және оған қатысуға еліміздің 16 өңірінен 225 спортшы қатысуға келді. Айта кетерлік жайт, болашақта осы турнирді республикалық деңгейден халықаралық деңгейге көтеру жоспарда.   

Жарыстың негізгі мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтырумен айналысу. Сонымен қатар, турнир спортшылардың ынтасын жоғарлатты.

Кубогтің алғашқы күні жеңімпаздар қатарынан Қарағанды, Астана, Алматы және Теміртау спортшылары көрінді. Қыздар арасындағы жеке сырғанау санатындағы үздік болғандар: Мамбеталинова Әлия, Плахтий Полина, Шеина Карина, Зипина Полина, Матвеева Ярослава, Қайранас Рамина, Шкатова Аяна, Еспергенова София, Жақұпбекова Камила, Гаврилова Дарья, Сартаева Эмилия, Ульянова Вероника. Жасөспірім сырғанаушылар арасында Коршиков Станислав, Тараненко Лев, Чижов Даниил, Мельник Юрий, Козлов Никита, Ни Рафаэль үздік нәтижелер көрсетті.

«Осындай керемет жарысты ұйымдастырғандарыңыз үшін рахмет. Сырғанау алаңынан шықпай жатып балалар дәл сол жерде марапатқа ие болды. Медальдар мен футболкалар үшін рахмет! Әрине де әрбір спортшы жарыстан медаль алуды аңсайды. Осы жағдайда сіздер қолдан келе бермейтін нәрсені жүзеге асырдыңыздар. Себебі жүлделі орынды иеленбеген қатысушының өзі ұмытылмас әсермен кетті! «Алау» мұзайдыны гүлдене берсін», - деген жылы лебізімен спортшылардың ата-аналары әлеуметтік желіде бөлісті. 

Әрбір қатысушы дайындығының жоғарғы деңгейі, көңіл-күйі мен дарыны жайлы айтпай кету мүмкін емес. Бұл тек қана жаттықтырушылар мен ата-аналардың еңбегі ғана емес, бұл жас спортшылардың еңбегінің жемісі де. Олардың талпыныстарыңсыз мұндай керемет жарыс болмаушы еді! Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу