Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

10 желтоқсан 2018 1235 адам мұз энегриясынан «қуаттана алған»

Сарыарқа төсінен орын алған бас қаламыз  1997 жылы 10 желтоқсанда ресми түрде еліміздің  астанасы болып жарияланды.Осынау тарихи күннің құрметіне және Елордамыз Астана қаласының  20 жылдық мерейлі мерекесіне орай  «Алау» мұзайдыны сарайы мен Астана радиосы бірлесіп «Astana FM On Air – Мұз Энергиясы» шоу-концертін  өткізді.

Шараның басты мақсаты: спорт жанның саулығы, дем қуаты, керемет көңіл-күй сыйлайтын өміріңнің ажырамас бір бөлігі   екенін көрсете отырып,бұқара халыққа спорт еркіндігі  сезімін сыйлау. Сонымен қатар, еліміздің жүрегі бас қаламыз, жас қаламыз, астанамызды мәртебесін асқақтата отырып елордалықтардың басын қосу болатын. Еліміздің белгілі өнер майталмандары жтналған шарада барша астаналықтар керемет энергияны сезініп, ерекше көңіл-күйде болды.

Шараның құрметті қонақтары, басты меймандары болып Бахтияр Артаев, Даут Шайхисламов, Адеми және Ален Самыкен, Дастан Оразбеков, Ринат Мальцагов, Айнұр Абдиева,Ақсұлтан Қалиев, Байрух, Джордан Аракелян, Рахат Лукум,  Килиманджаро сынды танымал тұлғаларымыз келіп, конькиге сырғанауға келген барша халықты өнерімен тәнті етіп, қуантып қайтты.. 

Кеш жүргізушілері Назерке Нұртас, Алексей Зыкин, Марал Ками  кешімізге келген сыйлы да құрметті қонақтармен сұхбаттасып, жиналған қауымға таныстырып, ыстық лебіздерін барша қазақстандықтарға жеткізуі үшін керемет сұхбат жасай білді.Сонымен қатар жүргізушілер мұз үстінде жүріп небір қызықты ойындар өткізіп, коньки тебушілермен де тікелей сұхбаттаса білді.

Іс-шара барысында әрбір келуші мұзда сырғанай жүріп, қазақстан эстрада жұлдыздарының шоу-концертін тамашалап,танымал тұлғалармен бірге спортпен айналыса жүріп  кеш барысында «Астана» радиосының арнайы ұйымдастыратын  спорттық ойындар мен ұтыс ойындарына қатысып,тосын сыйларын тамашылап, ерекше дем алып, көңіл көтеріп қайтты. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталып, әр қайсысына ерекше құрмет көрсетілді.

Шоу-концерт барысында тікелей трансляция Астана радиосының эфирінде болғандықтан мұзда сырғанаушылар барша қазақстандықтарды алда кележатқан Тәуесіздік күнімен құттықтап, өздерінің жылы лебіздерін жеткізіп отырды.

Бұл щоу-концерттің басы ғана. Алдағы уақытта міндетті түрде осы жоба қолға алынып кең ауқымда жалғасын табатын болады.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу