Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

Жаппай сырғанау алты күндік режимде өтеді.

 

Александр Викторович Бихерт 

Директорға сұрақ қою

Азаматтарды қабылдау күні - бейсенбі, 16.00

06 желтоқсан 2018 Astana FM On Air – Мұз Энергиясы

Сарыарқа төсінен орын алған бас қаламыз  1997 жылы 10 желтоқсанда ресми түрде еліміздің  астанасы болып жарияланды. Осынау тарихи күннің құрметіне және Елордамыз Астана қаласының  20 жылдық мерейлі мерекесіне орай  «Алау» мұзайдыны сарайы мен Астана радиосы бірлесіп «Astana FM On Air – Мұз Энергиясы» шоу-концертін ұсынады. 

Шараның басты мақсаты: спорт жанның саулығы, дем қуаты, керемет көңіл-күй сыйлайтын өміріңнің ажырамас бір бөлігі   екенін көрсете отырып,бұқара халыққа спорт еркіндігі  сезімін сыйлау. Сонымен қатар, еліміздің жүрегі бас қаламыз, жас қаламыз, астанамызды мәртебесін асқақтата отырып елордалықтардың басын қосу.

Шараның құрметті меймандары: Серік Сапиев, Даут Шайхисламов, Адеми және Ален Самыкен, Дастан Оразбеков, Ринат Мальцагов, Айнұр Абдиева, Байрух, Джордан Аракелян, Рахат Лукум,  Килиманджаро сынды танымал тұлғалар. 

Іс-шара барысында әрбір келуші мұзда сырғанай жүріп, қазақстан эстрада жұлдыздарының шоу-концертін тамашалап,танымал тұлғалармен бірге спортпен айналыса жүріп  кеш барысында «Астана» радиосының арнайы ұйымдастыратын  спорттық ойындар мен ұтыс ойындарына қатысып,тосын сыйларын тамашылап, ерекше дем алып, көңіл көтеріп қайтуына әбден болады.

Шоу-концерт желтоқсанның 9 күні сағат 15:00 «Алау» мұзайдыны сарайында өтеді.

Шоудың тікелей трансляциясын Астана радиосының эфирінде тікелей толқында тыңдай аласыздар.

«Astana FM On Air – Мұз Энергиясы» - «Алау» мұзынан қуат ал!

 

 

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу