Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

25 қараша 2018 Astana Figure Skating Cup – 2018

Мәнерлеп сырғанау бойынша Астана қаласының «Astana Figure Skating Cup – 2018» ашық кубогы

Желтоқсанның  5-6 аралығында  «Алау» мұз айдыны сарайында «Astana Figure Skating Cup – 2018» конькимен мәнерлеп сырғанау бойынша Астана қаласының ашық Кубогы өтеді. Іс-шара  Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы, Астана қаласы әкімдігінің «Алау» Мұзайдыны сарайы» МКҚК, Астана қаласы әкімдігінің «Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы» КММ қолдауымен  ұйымдастырылып отыр.

      Мәнерлеп сырғанау спортының төрт түрі бар: конькимен сырғанау (ерлер мен әйелдер), жұптасқан коньки, спорттық би және синхрондалған конькимен сырғанау.
1891 жылдан бастап мәнерлеп сырғанаудан Еуропа чемпионаты, 1896 жылдан бастап - әлем чемпионаты өткізілді. Біріншісі 1896 жылы Ресейдің астанасы Санкт-Петербургте өтті.

Бұл спортты дамытуды 1892 жылы негізі қаланған Халықаралық конькимен сырғанау одағы - ISU басқарады. 1924 жылдан бастап мәнерлеп сырғанау қысқы Олимпиада ойындарына енгізілген.

     Іс-шарның өткізілу  мақсаты мен міндеттері:
 -  дене шынықтыру, спорт және салауатты өмір салтын насихаттау;
 -  мәнерлеп сырғанаушылардың спорттық шеберлік деңгейін арттыру;
 -  мықты спортшыларды анықтау;
 -  жаттықтырушылар арасында тәжірибе алмасу.
 -  бағдарламаны орындау.

   Қатысушылар:
Жарысқа конькимен мәнерлеп сырғанауды дамытатын клубтар мен спорттық мектептер қатысады. Жарысқа медициналық тексеруден өткен спортшылар жіберіледі.
Марапаттау:
Жарыс жүлдегерлері медальдармен, дипломдармен және естелік сыйлықтармен, қалған қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталады.


Конькимен мәнерлеп сырғанау сайысына еліміздің түкпір-түкпірнен яғни 16 облыстан мәнерлеп сырғану сортшылары келіп қатысатын болады.
Қазақстан Республикасының 16 облыстарының командалары:

  • Ақмола облысы
  • Ақтобе облысы
  • Алматы облысы
  • Алматы қаласы
  • Атырау облысы
  • Батыс Қазақстан облысы
  • Жамбыл облысы
  • Шығыс Қазақстан облысы
  • Караганды облысы
  • Қостанай облысы
  • Қызылорда облысы
  • Маңғыстау облысы
  • Оңтүстік Қазақстан облысы
  • Павлодар облысы
  • Солтүстік Қазақстан облысы
  • Астана қаласы

Жарыс 2018 – 2019 жж. маусымға арналған   бірыңғай Республикалық жіктемеге және ISU ережелеріне сәйкес ұлдар мен қыздар арасында конькимен жеке сырғанау бойынша өткізіледі.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу