Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

29 қазан 2018 Елордалық БАҚ өкілдері арасында жарыс өтпек

Құрметті БАҚ өкілдері! Сіздерді «Алау» мұзайдыны сарайының жаңартылған айдынына шақырамыз!

2 қарашада сағат 12:00-де «Алау» мұзайдыны сарайында жаппай сырғанау маусымының ашылуы қарсаңында Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы Сарайы әкімшілігімен бірлесе отырып журналистер арасында конькимен жүгіруден жарыс өткізеді.

Жарыс олимпиадалық жүйе бойынша 2 санатта ұйымдастырылады: ерлер және әйелдер. Барлық қатысушыларға қажетті өлшемдегі конькилер ұсынылады.

Қашықтығы – 100 метр.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, естелік сыйлықтар мен дипломдар табысталады. Алаңда қатысушылар үшін кофе-брейк ұйымдастырылады.

Жарысқа қатысуға тіркелу үшін мына телефондарға хабарласыңыздар: +77026286766 Құндыз Оралжан, +77071995179 Тұрсын Бағлан.

Өткізу орны: Астана қаласы, «Алау» мұзайдыны сарайы, Қабанбай батыр даңғылы, 47. Жанкүйерлер үшін кіру – тегін.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу