Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

25 қазан 2018 Конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды

Астанада конькимен жүгіру спортынан Қазақстан біріншілігі басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық шараның салтанатты ашылуына ҚР ҰОК спорт дирекциясының жетекшісі Елсияр Қанағатов, Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов, «Алау» мұз сарайының ди⁠ректоры Санат Шарапов, Ұлттық конькишілер федерациясының президенті Болат Жәмішев қатысты.

Ел чемпионатына 8 аймақтан 100-ге жуық спортшы қатысып жатыр. Бірінші күні спортшылар 500 және 1000 метрлік қысқа қашықтықта күш сынасты. Қыздар 3 мың, ұлдар 5 мың метр қашықтыққа шықты.

Жарыс елімізде конькимен жүгіру спортын дамытуға және спорттың қай түрімен болсын шұғылдану керектігін, ел тұрғындары арасында насихаттауға бағытталған. Осы турнирде кімнің негізгі құрамға алынып, ірі жарыстарға қатысатыны анықталады. Чемпионатта ұлттық құрамадан бөлек, жасөспірімдер командасына да іріктеу жүргізілмек. Үш күнге созылатын жарыс «Алау» мұз айдынында өтуде. 

Жарыс 26 қазанға дейін жалғасады.

Астана қаласының ресми сайттын материалы: http://astana.gov.kz/

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу