Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

12 қыркүйек 2018 Жаздың ауқымды да әсерлі бес іс-шарасы

Жаздың соңғы жылы күндері өз мәресіне келіп жетті, сол себепті біз осы жазғы маусымның қорытындысын жасайық деп шештік. Сондықтанда сіздердің назарларыңызға «Алау» мұзайдыны сарайында өткен жаздың ең әдемі, ең маңызды, ең үздік, ең айтулы бес шарасын ұсынамыз.

№5 Жазғы спорт орталығы.

2018 жылдың мамыр айы соңында дәстүрге айналған «Алау» Жазғы спорт орталығы өз есігін қала қонақтары мен тұрғындарына ашты. Барлық келушілерге жоғары сападағы мұз, ролик тебуге бейімделген конькимен жүгіру жолы қол жетімді болды. Сондай-ақ, кішкентай қонақтарымызға арналған балалар батуты да болды.

Үстел теннисі мен бадминтонды сүйетін жандарға да орын табылды.

Жазғы мектеп лагері шеңберіндегі шамамеш 3000 балалар спорт орталығына қонаққа келді.

 

Сонымен қатар Жазғы спорт орталығындағы балаларға танымал әртістер де қонаққа келді. Солардың бірі болған отандық әнші – Айқын.


№4 Заманауи музыка фестивалі: Hip-Hop Fest, Rock Fest, DJ Fest.

 

Биылғы жылы біздің Астанамыз 20 жылдық мерейтойын тойлады. Осыған орай елордамызда ауқымды іс-шаралар өткізілді. «Алау» мұзайдыны сарайы да мерекені өткізуге өз үлесін қосты.  29 маусым күні Hip-Hop Fest концертімен ашылған фестиваль күндері 1 шілдеге дейін жалғасты.

(фотода: Александр ST” Степанов, Hip-Hop Fest кезінде)


Кештің хедлайнеры болған аты аңызға айналған «Каста» тобы. Сондай-ақ, елорда тұрғындары мен қонақтары Da Gudda Jazz, ST, Скруджи, Anacondaz, Raim & Artur, Darkhan Juzz, Jamaru және Хромосомы атты танымал әртістердің өнеріне куәгер болды.

(фотода: кеш хедлайнеры «Каста» тобы, Hip-Hop Fest)

№ 3 Келесі күні «Алау» мұзайдыны сарайы Рок музыка әуесқойлары кездесуіне дайын болды.

Rock Fest-ке келгендер арасында UMAY, MONEYКЕНЫ, Команчерос, Найк Борзов, Чичерина, және танымал «Звери» тобы болды.

(фотода: «Звери» тобының әншісі Роман Билык, Rock Fest)

 

(фотода:  Юлия Чичерина, Rock Fest)

1 шілде күні сахна төрінде өнер көрсеткендер: Ruin & Fara (Астана), BAUR (Алматы), ASTERO (Мәскеу), Emrah Canpolat (Анталия), Paolo Bardelli (Милан) ! Кеш хедлайнеры - DJ GROOVE! 

№ 2. Үстел теннисі фестивалі.

14-15 шілде күндері мұзайдыны сарайында үстел теннисі  бойынша фестиваль басталды. Жарысқа Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан келген 1000-нан астам кәсіби спортшылар мен әуесқойлар қатысты.

 

№1 «Есіл жағасындағы шайқас»

30 тамызда мұзайдыны сарайының ортасында «октагон» орнатылды. Бұл дегеніміз ММА аралас жекпе-жек спортшыларына арналған ринг дайын болды деген сөз. Ал 31 тамыз күні Қазақстан, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Тәжікстан спорт майталмандары жарысты жеңіс үшін шайқасқа түсті.

Турнир ұйымдастырушысы болған TOBET Fighting Championship қазақстандық промоушені, FIGHT NIGHTS GLOBAL әріптестігі мен ALASH PRIDE промоушены.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек өтті.. Төрешілер шешімі бойынша жеңіске жетіп  жеңіл салмақтағы жаңа чемпионы атанған  отандасымыз Жалғас болды .

«Алау» мұзайдыны сарайындағы жаз осындай ұмытылмас болды. Жазғы маусым түрлі естелікке толы болды. «Алау» мұзайдыны сарайы ұжымы үшін де осы өткен іс-шаралар маңызды да бағалы тәжірибе жинауға мүмкіндік берді.

Әрине де «Алаудың»  ең басты мақсаты болып қысқы спорт түрлерін дамыту болып табылады. Сол себепті жаңа маусымның ашылуына қызу дайындықты басталды. Әрдайым толық ақпаратпен хабардар болу үшін біздің әлеуметтік желілерімізге қосылыңыздар.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу