Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

14 тамыз 2018 ММА: Жалғас пен Тагир Астанада кездеседі

31-тамыз күні Астанада ережесіз жекпе-жектен бұрын-соңды болмаған турнир өтейін деп жатыр. Дүбірлі додаға ресейлік Fight Nights Global және өзіміздің Tobet FC пен Alash Pride промоушендері ұйытқы болыпты.

Астанадағы сарбаздар бәсекесі «Есілдегі айқас» деп аталады. Сонымен Есілдегі айқас жиналған жұртты несімен таң қалдырмақ? Бұл заңды сұрақ. Әдетте, турнир қожайындары жарысқа ерекше көрік беретін сарбаздар жұбын іріктеуге аса үлкен мән береді. Мысалы шешімін таба алмай жүрген бітіспес қарсыластардың немесе көптен бері сөзге келіп, одан әріге бара алмай жүрген сарбаздар арасындағы теке-тірестерге деген қызығушылық қашанда жоғары. Сондықтан промоушендер жарыс сайын осындай жекпе-жектер ұйымдастыруға ынталы.

Үш бірдей клуб қолға алған турнирдің ауқымы кең және андеркарттағы сарбаздар жұбы деңгейлеріне сай іріктелген деген сенімдеміз. «Есілдегі айқастың» орталық матчында аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі танымал сарбаздар жерлесіміз Жалғас Жұмағұлов пен ресейлік Тагир Уланбеков күш сынасады. Тағы бір отандасымыз Бақтияр Несіпбек өзбек Максуджон Юсуповпен, ал Асу Алмабаев ресейлік Баходир Бакиевпен ұрысқа түседі. Сондай-ақ Нұрсұлтан Қасымхановқа түрік Эмрах Абдулаев қарсы тұрса, Нұрберген Шәріпов аустралиялық Трент Гирдхамның тамырын басып көреді.

Осы күні спорт сүйер қауым алдында -Сәбит Жүсіпов, Дәурен Ермеков, Жұман Жұмабеков және Жасұлан Әкімжанов сынды сарбаздарымыз да өз өнерлерін ортаға салады. Олардың қарсыластары әзірге белгісіз.

SportX.kz

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу