Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

10 тамыз 2018 Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» өтеді

2018 жылғы 31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді. Басталуы сағат 18:00-де.

Турнирдің ұйымдастырушысы Астанадан шыққан жаңа қазақстандық промоушен TOBET Fighting Championship және серіктесі FIGHT NIGHTS GLOBAL, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен ALASH PRIDE болып табылады.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жумағулов (Қазақстан) және атақты шебер Абдулманап Нұрмагомедовтың шәкірті – Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағулов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен күрескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде Елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

  • АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек,
  • FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

  • Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рустем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер «Алау» мұз айдыны сарайының кассаларында, ticketon.kz сайтында сатылады.

Турнирдің алдын ала бастапқы файт карды:

Рустем Ақжанов vs TBA (бой по правилам муай-тай),

Самусев Николай  vs TBA (бой по правилам муай-тай),

Жолдошбек Султан vs Фазлиддин Кенжаев,

Мират Бекишев vs Абдурасул Кулдашев,

Қойшыбеқ Данияр vs Намидов Авлие,

Мейрамов Мухамед vs Мирзо Мирвосидов,

Нұрсұлтан Қасымханов vs TBA,  

Бахтияр Несипбек vs TBA,

Аслан Ораз vs Владимир Ишменев,

Жуман Жумабеков  vs Мухамед Эминов,

Акимжан Жасулан vs Артур Соловьев,

Сабит Жусупов vs Фариджулла Курбанов,

Асу Алмабаев vs Джовхар Дошуев,                                                                                              

Жалғас Жумағулов vs Тагир Уланбеков (FIGHT NIGHTS GLOBAL чемпиондық белбеуі үшін жекпе-жек)

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу