Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

15 шілде 2018 Астанада үстел теннисінен фестиваль өтіп жатыр

Астанадағы «Алау» мұз айдынында үстел теннисінен фестиваль өтіп жатыр. Дәстүрлі халықаралық ойындарға елімізден бөлек, Өзбекстан мен Ресейден де спортшылар келді. Мыңнан астам теннисші кешелі бері жеке, жұптық және командалық сында сайысқа түсті. 2013 жылдан бері өтіп келе жатқан фестивалге биыл арнайы 30 теннис үстелі алынды. Қазір халықаралық талаптарға сай келетін спорт жабдықтарының саны 100-ге жетті. Бүгін жекелей сында, жасөспірімдер, ардагерлер және мүмкіндігі шектеулі жандар өзара сайыс көрігін қыздырды. Әуесқойлар бас қосқан фестивалге 70 кәсіби теннисші де қатысты. Олар клубтар арасындағы Қазақстанның ашық чемпионатында сынға түсті. Суперлиганың сегіз командасы бүгін ел біріншілігінің екінші турын аяқтайды. Дәл қазір «Астана» мен «Жетісу» командалары топ басында келеді. Олардың сапында шетелден шақырылған мықты теннисшілер бар.

Бекұлан Жамал, «Астана» клубының теннисшісі: - «Астана» командасына Ресейдің үш ойыншысын шақырыдық. Ресейдің спорт шеберлері. Енді қызықты ойын болады деген ойдамыз. Өйткені біз бірінші турда «Жетісу» командасынан ұтылып қалғаннан кейін, осы екінші турда командамызды күшейтуге тырыстық.

Ақпарат көзі: http://24.kz/

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу