Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

21 шілде 2018 Астана - рухы биік елдің қаласы!

Елордада Қоғамдық даму істері басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Қазақстан студенттерінің Альянсы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы іс-шаралар кешені» жобасы аясында «Алау» мұзайдыны сарайында Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасы мен «Мүгедек жастарқоғамы» ҚБ бірлесе, мүмкіндігі шектеулі жастар арасында спорттың 9 түрінен (шаxмат, тоғызқұмалақ, асық ату, арқан тарту, жүгіру, дойбы ойыны, пауэрлифтинг, қол күресі, үстел теннисі) жарыс өткізілді.

Іс–шараның мақсаты – ҚР Президентінің Жолдауы және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында бұқаралық спорт түрлерін дамыту; мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жастардың шығармашылық әлеуетін іске асыру және оларға қолайлы орта жасау; саламатты өмір салтын насихаттау; сондай – ақ қоғамды бұқаралық спортқа жаппай тарту.#СеніңЖаңаҚырың челленджін қолдау. Шараны Астана қаласы Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин ашты. Ашылу салтанатына Астана қаласы Мәслиxатының депутаты Мирас Шекенов, «АруТас» зауытының директоры Бекжан Алімқұлов, «Алау» мұзайдыны сарайының директоры Санат Шапашов, Астана қаласы Әкімінің Мүмкіндігі шектеулі жандар бойынша кеңесшісі Мұрат Абдумомынов және республикалық жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Жарысқа жалпы 100 ден аса жан қатысты. Қатысушылар жоғарғы деңгейде дайындалып жақсы көрсеткіш көрсетті. Жарыс сонында 1,2,3, орын иеленген спортшылар медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, осы сайысқа қатысқан әрбір қатысушыға Қоғамдық даму істері басқармасы атынан бағалы сыйлықтар және алғыс хаттар табыс етілді.


Ақпарат көзі: Астана қаласы әкімдігінің сайты.

 

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу