Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

05 маусым 2018 «Алауда» жарқырайтын жұлдыздар

2018 жылдың 29 маусым және 1 шілде аралығында «Алау» мұзайдыны сарайында отандық және шетелдік өнер жұлдыздырының қатысуымен тақырыптық үш ауқымды заманауи музыка фестивалі өткізілетін болады. Hip-Hop Fest, Rock Fest және Dj Fest елорданың 20 жылдығын мерекелеуге орайластырылған.

Маусымның 29-да тыңдаушылардың назарына Hip-Hop Fest ұсынылатын болады. Өнер көрсететіндер ішінде түрлі елдерден келген орындаушылар мен ұжымдар бар: Хромосомы, Jamaru, Da Gudda Jazz, Darhan Juzz, Raim & Artur, ST, Anacondaz, Скруджи. Кеш хедлайнері – аты аңызға айналған «Каста» тобы.


30-шы маусым күні «Алау» күмбезінің астында бірден алты жұлдыздың концерті өткізілетін болады. Rock Fest-ке арналған күні Найк Борзов, Звери, Чичерина, Umay, Кomancheros, Moneykenы өнер көрсетеді.

Ең соңғы аккорд ретінде шілденің 1-і Dj Fest өткізілетін болады. Ruin & Fara (Астана), Baur (Алматы), Аstero (Мәскеу), Emrah Canpolat (Анталья), Paolo Bardelli (Милан) өнерлерін тамашалауға мүмкіндік берілген. Кеш хедлайнері -  Dj Groove.

Барлық фестивальдердің басталу уақыты – 19:00.

Билеттерді www.topticket.kz сайты арқылы онлайн сатып алуға болады. Сондай-ақ келесі сату орындарында да қол жетімді:

  • «Астана» концерт залы, (Бейбітшілік к-сі, 1/1);
  • «Жастар» сарайы (Республика даңғылы, 34);
  • «Керуен» ОСО (Достық, 9);
  • «Keruen city» ОСО (Қорғалжын тас жолы, 1);
  • «Қазақстан» ОКЗ (Мәңгілік ел даңғылы, 10/1).

«Алау» мұзайдыны сарайында билеттер фестиваль өткізілетін күндері сатылатын болады. Билет құны 1000 теңгеден басталады.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу