Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

04 маусым 2018 Казимирчик: «Қазіргі таңда керлинг спортына жаңадан келіп жатқандар көп»

2018 жылдың 4 маусымында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Алау» мұзайдыны сарайынын қызметкерлері арасында керлинг бойынша жарыстар өтті.

Қорытынды кезеңде «Чемпиондар» және «№1» командалары арасында 6 энд (керлинг ойнында тайм солай аталады) ойнатылды.

«№1» командасы ойынды сенімді бастаған және екі энд қорытындысы бойынша 2:1 есебімен алда келе жаты. Алайда «Чемпиондар» осыған мойынсұнбай келесі энд кезінде есепті теңестірді. Бұл жетістік команда ойыншыларының жігерлендірсе, олардын қарсыластары ойынды бақылаудан шығарып алды.

«Чемпиондар» 2:6 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.

Жеңімпаздарды құттықтау грамоталарымен марапаттаған Роман Викторович Казимирчик, Астана қаласының Керлинг федерациясының президенті және Санат Бақытұлы Шапашов, «Алау» Мұзайдыны сарайы» МКҚК директоры.

—  Бұл жарыстар бізде игі дәстүрге айналатына сенеміз. Өте қызықты және ақылды спорт түрі, - деп Санат Бақытұлы өз сөзін қорытындады.

«Жарыс алдында тек қана бір жаттығу күні болғанын есепке алсақ қатысушылар өте жақсы ойын көрсетті. Барлығы тәжірибемен келеді. Қазіргі таңда бізде керлинг спортына жаңадан келіп жатқандар көп», - деп Астана қаласының Керлинг федерациясының президенті Роман Викторович өзінін әсерлерімен бөлісті.

Бірінші орынды иегерленген «Чемпиондар» командасынын ойышыларының тізімі:

Скип – Қалиев Данияр,

Соспанова Гүлмира,

Өнербек Ерлан,

Савельева Александра.

Екінші орында «№1» командасы:

Скип – Величко Алексей,

Сағимұрат Әйгерім,

Таранов Руслан,

Молдабаева Нұргүл.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу