Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

25 сәуір 2018 «Алаулик-2018» шорт-трек Біріншілігі

2018 жылдың 24-25 сәуір күндері аралығында «Алау» Мұзайдыны сарайында шорт-тректен жарыстар өтті.  Қатысуға ниет білдіргендер арасында әр түрлі жастағы балалар мен еліміздің өнірлерінен келген спортшылар болды.

Тәжірибесі мол спортшылармен салыстырғанда балғын спортшы балаларымызда  «қажетті жылдамдық жоқ» деп ойларсыз. Алайда жарыстар балалар арасында өтіп жатқанына қарамастан, болашақ шорт-трек спортының чемпиондарының жеңіске ұмтылған ниеттері алдынғы ұрпақпен салыстырылмас.

Толық сеніммен айтуға болар жайт – екі ұрпақтын айырмашылығы зор емес. Балаларда қызықты көрініске толы сайыстардың аз болуы ғана.  

Әрбіреуі жеңімпаз атанғысы келеді, әрбіреуі басынан шынайы толқыныш және қуаныш сезімдерін өткізуді қалайды. Толқу сәті алғашқы ысқырықпен аяқталды.

С тобының ер балалар арасында үздік атанғандар:

3 орын –Владимир Мазуренко,

2 орын –Богдан Мотанский,

1 орын –Ян Кутовой.

Дәл осы топтағы қыз балалар арасындағы үздіктер:

3 орын –Мадина Отепберген,

2 орын –Юля Столповская,

1 орын –Алина Астраханцева.

Ұлдар арасында В тобында жоғарғы көрсеткіштер иегерлері:

3 орын –Жанарыс Магжан,

2 орын –Арсений Матвенко,

1 орын – Владислав Ким.

Қыздар арасында В тобының үздік нәтижелерімен мақтана алатындар:

3 орын – Айзада Алтынбек,

2 орын –Даяна Айтыбек,

1 орын –Нурия Алпысбай.

Кіші жастағы жасөспірімдер арасындағы жеңіс орындарының иегерлері: Нұрлыбек Журсинов (1 орын), Дамир Абдуллин (2 орын) және Владислав Батраков (3 орын).

Сондай-ақ, Азалия Бесенгали, Лариса Степанова және Карина Овсяннокова кіші жастағы қыздар арасында 1, 2 және 3 орындарға ие болды.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу