Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

20 сәуір 2018 Мұз және тас: Астанадағы алғашқы керлинг бойынша жарыстар

"Алау" Мұзайдыны сарайында Қазақстан Республикасының XV-ші Керлинг Кубогының 2018 жылғы финалдарының II кезеңдері өтті. Жарыстың алғашқы кезеңі осы жылғы қаңтар – наурыз айларында Алматы және Петропавл қалаларының мұзайдын спорт алаңдарында болды. 

Сәуірдің 18 мен 20 аралығында Астана, Алматы және Жамбыл, Ақмола, Алматы облыстарының құрама командалары сайысқа қатысуға келді.

Астана қаласының керлинг спортшылары өз командасының қоржынын алтын медальмен толтырды. Скип (керлингте капитан командасы) – Роман Казимирчик.

Айта кетерлік жайт, Астана қаласының спортшылары керлинг бойынша бірнеше дүркін чемпиондар және республикалық жарыстардың жүлдегерлерінің атағына ие.  2017 жылы өткен IV қысқы Спартакиаданың қорытындысы бойынша республикалық командалар арасында жүлделі 3-ші орынды ұтып алды.  

Ұлттық құраманың сапына кіретін елорда командасының он екі спортшысы еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғаған. Мұнда он төрт спорт шеберіне үміткер, республикалық дәрежедегі төрешілер, бапкерлер және мұз үстін дайындау бойынша қызмет көрсететін мамандарға дейін бар. Астанада 10 және 70 жас аралығында керлингпен  айналысатын азаматтар бар.

Екінші орын иегерлері атанған Алматы қаласының командасы. Скип – Ангелина Эбауер.

- Алматы құрама командасының екі керлинг спортшысы ҚР-ның керлинг құрамасына кіреді. Сәуір айының басында олар Оңтүстік Кореяның Ыйсон қаласында өткен оқу-жаттығу жиындарына барып келді.   Ең үздіктері Швецияда керлингтен өтетін жұп аралас Чемпионатқа барады, - деп атап өтті Виктор Ким, Қазақстан Республиксының Керлинг Қауымдастығының бас хатшысы.   

Қола жеңіске "Бәйтерек" құрамасы қол жеткізді. Құрама сапында Жамбыл, Ақмола және Алматы облыстарының спортшылары ойнады. Скип – Қалибек Әбілов, Ақмола облысы керлинг федерациясының президенті. Керлинг бойынша спорт шеберіне үміткер Әбілов мырза бұл спорт түрімен 6 жыл айналысады. 

Қазақстан Республикасының Керлинг Кубогының финалдық ойындарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне келген қонақтар: ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасы - Серік Маратұлы Жарасбаев, ҚР ҰОК спорт дирекциясының директоры - Елсияр Баймұхамедұлы Қанағатов және Астана қаласының әкімдігінің "Жігер" спорт клубының басшысы - Азамат Мұқантайұлы Хамзин.

Сондай-ақ, марапаттау рәсіміне  МКҚК "Алау" Мұзайдыны сарайының директоры Санат Бақытұлы Шапашов қатысты.

Қосымша мағлұмат:

Кёрлинг (шотл. curling – айналу, бұралу) – бұл мұзайдыны үстінде өтетін командалық спорт түрі, онда екі команда қатысушылары кезек-кезекпен салмағы шамамен 20 килограмдық граниттан жасалған арнайы тасты алдыда орналасқан нысанға жібереді.

Керлинг ең ежелгі спорт ойындарының бір түрі болып есептеледі, бұл ойынның пайда болу тарихы Шотландияда орналасқан Данблейн атты кішкентай қалашықтан бастау алады. Дәл сол жерде, құрғатылған тоған түбінде «1511 жыл» деген жазбасы бар керлинг тасы табылған.

Қазақстан Республикасының Керлинг қауымдастығы 2003 жылы ресми түрде тіркеліп, Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитетімен мойындалды. 2003 жылдың желтоқсан айында ҚРКҚ тұрақты мүшесі Дүниежүзілік керлинг федерациясының тұрақты мүшесі атанды.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу