Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

26 наурыз 2018 Қазақстан құрамасы Минскіде өткен əлем Чемпионатында 6 марапатты ұтып алды

2018 жылдың 21-25 наурыз аралығында Минскіде (Беларус) өткен студенттер арасындағы коньки тебу спортынан әлем Чемпионатында ҚР құрамасы бір алтын, бір күміс және төрт қола медаліне ие болды. Нәтижелерімен fisu.net сайтында танысуға болады.

Қазақстан конькишілер Федерациясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Дмитрий Бабенконың басшылығымен осы жолғы біріншілікте біздің Құрама өзінің тарихтағы ең жақсы нәтижесін көрсете білді. Мысалы, 2015 жылғы жарыстарда тек екі медальға қол жеткізсе, 2012 жылы бес жүлделі орынға ие болды, бірақ бірде-бір алтын жеңіс тұғырына көтерілмеген.

Алайда, бұл жолы команданың ұзақ аңсаған жеттістік күтті. 1500м. қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп жеңіс тұғырынан көрінген Иван Аржаников. Осы қашықтықтың қола иегері Демьян Гаврилов.

500 метр қашықтықтың қоласы Артем Крикуновқа бұйырды .

5000 метрдің қорытындысы бойынша Дмитрий Морозов құрметті үшінші орынды қанжығасына байлады.

Айта кету керек жайт біздің спортшылар ұжымдық марапаттарға да қол жеткізді: командалық спринтте қола жеңіс және командалық жарыста күміс жеңіс.

Бүкіл әлем бойынша 14 мемлекеттен 114 спортшы студенттер коньки тебу спортына қатысты.

Біздің спортшылар үшін келесі ірі турнир 28-29 наурыз күндері "Алау" Мұзайдыны сарайындағы  жасөспірімдер мен ересектер арасындағы көпсайыстан өтетін ҚР  Чемпионаты.

БАҚ өкілдерінің аккредиттелуден өтуі үшін: +7 (717) 706-795; +7707 199 51 79.

Фото: wucbelarus.by

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу