Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

01 қараша 2017 Пхенчхан қаласындағы Қысқы Олимпиада Ойындарының басталуына дейін 100 күн

Күні: 01 қараша 2017 жыл, 19:00

Өтетін орны: «Алау» Мұзайдыны сарайы» МКҚК

Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиадалық Комитеті  1 қарашада, Пхенчхан (Оңтүстік Корея) қаласындағы Қысқы Олипиада Ойындарының басталуына дейін 100 күн финалдық аралығының санауы басталады.

Іс-шара «Алау» Мұзайдыны сарайында сағат 19:00-де жаппай сырғанау сеанстары уақытында басталады.

Осы іс-шараға «Тойота моторс Қазақстан», Астана қаласының әкімдігі, «Алау» МС және «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанаты қолдау көрсетті.

Қазақстанның белгілі олимпиада чемпиондарының және спортшылардың қатысуы күтілуде.

  • Серік Сапиев (2005 және 2007 жылдарының Әлем чемпионаты, 2012 жылдың олимпиада чемпионы)
  • Бахтияр Артаев (2004 жылдың Олимпиада чемпионы)
  • Василий Левит (2016 жылдың Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері)
  • Гюзель Манюрова (2004 және 2016 жылдардың Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, 2012 жылдың Олимпиада ойындарының қола жүлдегері)
  • Денис Кузин (2013 жылдың Әлем чемпионы, 2011 жылдың Қысқы Азия ойындарының чемпионы)
  • Арман Чилманов (2008 жылдың Олимпиада ойындарының қола жүлдегері)

Іс – шаралардың шеңберінде, белгілі олимпиада чемпиондарымен бірге конькимен сырғанауы кіретін спорттық-сауықтыру бағдарламасы , түрлі викториналар және сайыстар жоспарланып отыр.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу