Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

18 ақпан 2018 Денис Тен Олимпиаданың финалдық кезеңіне шыға алмады

Мәнерлеп сырғанаудан 2014 жылы Сочиде өткен қысқы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Денис Тен Пхенчхандағы доданы қысқа бағдарламадан кейін-ақ аяқтады. Отандасымыз 30 қатысушының ішінде финалдық кезеңге өтетін 24 спортшы қатарына қосыла алмады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жарақатынан жаңа айығып жүрген қазақстандық спортшы үшін Пхенчхандағы ақ Олимпиада сәтсіз өтті. Қысқа бағдарламада Денис 70,12 ұпай жинап, нәтижесі төмен болды. 30 спортшы ішінде 27-орынға табан тіреді.

"Осыған дейін де айтқанымдай, бұл маусым мен үшін өте қиын болды. Дегенмен де Пхенчханға келіп, өнер көрсетіп жатқанымды мақтан тұтамын. Себебі мен күнделікті ұйықтар алдында аяғымның ауырып жатқанын сезетінмін. Бұл мен үшін күнделікті күрес болып кетті. Пхенчханға қатты келгім келді. Осында келгеніме қуаныштымын. Бірақ, өкінішке қарай, барлығы ойдағыдай болмады. Дегенмен көңілімді түсірмеймін. Болашақта бабыма келуге тырысамын", - деді Денис Тен.

Сондай-ақ, мәнерлеп сырғанаушы соңғы рет Оңтүстік Корея жерінде жарақат алып, балдақ және гипспен қайтқанын да айтып, Олимпиадаға барын сала дайындалғанын да жасырмады.

"Спорт құрбандықты талап етеді, бірақ мен ақталуды қаламаймын. Мен расымен де, турнирге барынша дайындалдым. Қанша күш салып, дайындалсаң да үмітіңнің ақталмағаны жаман. Бірақ бұл өмір ғой. Сәтсіз өнер көрсеткенімен қарамастан алда мені және бүкіл Қазақстан құрамасын тамаша жетістіктер күтуде деп білемін. Ал үшінші Олимпиада қатысқаныма қуаныштымын, соңғысы емес деп ойлаймын", - деді спортшы.

Қысқа бағдарлама бойынша жапон Юдзуру Ханю көш бастады. Ол 111,68 ұпайға ие болды. Екінші орында испан Хавьер Фернандес келеді. Оның өнерін төрешілер 107,58 ұпаймен бағалады. Үздік үштікті тағы бір жапон мәнерлеп сырғанаушысы Шома Уно (104,17 ұпай) түйіндеп тұр.

Денис Тен қысқы Олимпиада ойындарына 2010 жылы алғаш рет қатысты. Ол ерлер арасындағы ең жас спортшы болды. Ол кезде отандасымыздың жасы 16-да еді. Жарыс қорытындысы бойынша 11-орын алды. Сочиде Қазақстан құрамасының қоржынына түскен бір қоланы еншіледі.

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу