Сәлем!
«Алау» мұзайдыны сарайына қош келдіңіз!
Хат таратылымына жазылу

ЖАППАЙ СЫРҒАНАУ МАУСЫМЫ 25 ҚАЗАНДА АШЫЛАДЫ!
Жаппай сырғанау туралы сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 7172 25 21 07
+7 771 247 6748

"Алау" фитнес орталығы 7:00-ден 23:00-ге дейін жұмыс істейді.

 

31 қаңтар 2018 Астанада алғаш рет спидвейден Әлем Чемпионатының финалдық кезеңі өтеді

Қазақ елінің астанасында алғаш рет мұздағы мотожарыс спорт түрінен сайыс өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің сайты.

Еліміздің мұздағы мотожарыс спорт түрінен әлем чемпионатының кезеңдерін өткізу бойынша үлкен тәжірибесі бар. Соңғы үш жылда жарыс Алматыдағы «Медеу» жасанды мұз айдынында өткен болатын.

3-4 ақпан күндері Астанадағы «Алау» мұз айдыны сарайында жарыстың 2018 жылғы алғашқы финалдық жарыстары өтеді. Қалған финалдық кездесулер дәстүр бойынша Ресейде, Голландияда және Германияда өтеді.

«Алау» мұз айдынында спорттық кештің алғашқы дайындығы өтті. Халықаралық мотоциклет федерациясының (FIM) арнайы комиссиясы Әлем чемпионатының финалдық кезеңі өтетін алаңды аралап көрді. Комиссияның төрағасы дайындық жұмыстарының жоғары деңгейде екенін атап өтіп, FIM регламентіне сай екендігін тілге тиек етті және ұйымдастырушылардың қазіргі кездегі жұмысын жоғары бағалады.

«Астана осы спорт түрінен жарысты алғаш рет өткізгелі отыр, дегенмен әлемдік деңгейдегі түрлі жарыстар өткізуде бұл қаланың тәжірибесі жетерлік. Қазақстанның автомотоспорт федерациясы осы спорт түрінен Алматыдағы «Медеу» жасанды мұз айдынында үш финалдық жарыс өткізген және біз Астанадағы жарыс та жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймыз. Біз Астанада өтетін жарысқа дайындық өте жақсы жүріп жатқанын көзімізбен көрдік. Жарыс өтетін стадион барлық талапқа сай», – деп атап өтті Халықаралық мотоциклет федерациясының директоры Армандо Кастанья.

Жарысты ұйымдастырушы қазақстандықтар мұз гладиаторларының жарысы Астанада үлкен қызығушылық оятады деп есептейді. Себебі, бұл жарыс та футбол, хоккей сияқты өте қызықты болғандықтан, Астана трибунасына адамдардың көптеп жиналарына үмітті.

«Біз әлемдік мұз спидвей үздіктерінің жарысы Астана көрермендерінің үлкен қызығушылығын оятарына сенімдіміз. Спидвей бойынша әлем чемпионатының финалдық стартының «Медеуден» кейін үш жылдан соң Астанада жалғасуы – Қазақстанның жарыс өткізуде тәжірибесі барына FIM халықаралық федерациясы тарапынан бізге сенім артқандығының дәлелі. Біз осындай беделді жарыстың Астананың 20 жылдығына орай өтіп жатқанын мақтаныш етеміз», – деді Қазақстан Республикасы автомотоспорт федерациясының президенті.

(FIM) халықаралық мотоциклет федерациясының 2018 жылғы спидвей бойынша әлем чемпионатының жеке финалдық есебі бес кезеңде өтеді. Бірінші және ең беделдісі Астанада өтеді, содан кейін старт Ресейде, Германияда, Нидерландияда жалғасады. Әлем чемпионатының командалық есебі 2018 жылы Ресейдің Шадринск қаласында өтеді.

Әлем чемпионатының астаналық финалында спидвей бойынша мұз алаңына wild-card (бұл спидвей бойынша әлем чемпионаты кезеңін өткізуді ұсынып отырған қожайын ел, жарысқа қатысуға шақыру) Қазақстанның ең мықты спортшылары шығады.

ҚР автомотоспорт федерациясы Астана әкімдігі, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауы іс-шараның айшықты өтетініне әрі қала қонақтары мен көрермендеріне естен кетпес қызықты сәттер сыйлайтынына сенімді.

Билеттер Тicketon.kz сайты мен «Меломан» дүкендер желісінде сатылып жатыр.

Ақпарат http://astana.gov.kz. сайтынан алынды

Ойлағаннан да жақын

«Алау» Мұзайдыны сарайы» Еуразия континентінің орталығында, Қазақстан Республикасы астанасы – Нұр-Сұлтан қаласында, Қабанбай батыр даңғылы 47 мекенжайы бойынша орналасқан

Біздің серіктестеріміз

Билеттердi сатып алу